27/07/2024  Сенбі
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  8(7282) 41-80-20
ҚР, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, ҚАРАТАЛ ЫҚШАМ АУДАНЫ, 36Б

Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  «Improve your English» тақырыбында облыстық семинар-тренингі өтті. 2 бөлімнен тұратын семинар-тренингтің алғашқы бөлімінде  Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының аудандық филиалдарынан 5 ағылшын тілі курсының оқытушысы қатысты. Алғашқы бөлім әдістеме, тәжірибе алмасуға бағытталды. І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті КЕ АҚ педагогика ғылымдарының магистрі, А. Есимбекова «Developing subject knowledge as an English teacher» тақырыбында баяндама жасады.

Семинар-тренингтің 2-бөлімінде ағылшын тілі курсының А2 деңгейінің  24 тыңдаушысы қатысты. Семинар барысында . І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі, шетел тілдері және аударма ісі БББ-ның оқытушы-ассистенті, магистр Д. Мүлік «Effective ways of self-improving English skills»  тақырыбында баяндама жасап, қатысушыларға ағылшын тілін меңгерудің тиімді жолдарын үйретті.

Шара соңында мекеме басшысы Ж. Жолдыбаев қорытынды сөз сөйлеп, ағылшын тілін білудің мәні мен маңызына тоқталды. Шараға қатысқан оқытушыларға сертификат , тыңдаушыларға алғыс хат табыстады.

{gallery}2023/11.05{/gallery}

Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев
Мекеме басшысы