12/08/2026  Сәрсенбі
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  8(7282) 41-80-20
ҚР, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, ҚАРАТАЛ ЫҚШАМ АУДАНЫ, 36Б

 

2026 жылғы 25 маусым күні Жетісу облысы Ішкі саясат басқармасының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығында 2026 жылдың І жартыжылдығында мемлекеттік тіл және ағылшын тілі курстарын сәтті аяқтаған тыңдаушыларға сертификаттар мен куәліктерді салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

Іс-шара барысында орталық ұжымы тыңдаушыларды оқу курстарын табысты аяқтауларымен құттықтап, тіл үйренуге деген ынталары мен белсенділіктеріне алғысын білдірді. Курстар барысында тыңдаушылар тілдік дағдыларын жетілдіріп, күнделікті өмірде және кәсіби қызметте қолдануға қажетті білім мен тәжірибе жинақтады.

Салтанатты рәсімде оқу бағдарламасын толық меңгеріп, қорытынды бағалаудан сәтті өткен тыңдаушыларға сертификаттар мен куәліктер табысталды. Қатысушылар өз кезегінде оқу үдерісін жоғары деңгейде ұйымдастырған орталық ұжымына ризашылықтарын білдірді.

Состоялась торжественная церемония вручения сертификатов и удостоверений

25 июня 2026 года в учебно-методическом центре «Тіл» Управления внутренней политики Жетысуской области состоялась торжественная церемония вручения сертификатов и свидетельств слушателям, успешно завершившим курсы государственного языка и английского языка в I полугодии 2026 года. В ходе мероприятия коллектив центра поздравил слушателей с успешным завершением учебных курсов, поблагодарил их за мотивацию и активность в изучении языка. В ходе курсов слушатели совершенствовали языковые навыки, приобрели знания и опыт, необходимые для применения в повседневной жизни и профессиональной деятельности. На торжественной церемонии слушателям, полностью освоившим учебную программу и успешно прошедшим итоговую оценку, были вручены сертификаты и свидетельства. В свою очередь участники выразили благодарность коллективу центра, который организовал учебный процесс на высоком уровне.

 

Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында 2026 жылғы 12 маусым күні Панфилов ауданы, Жаркент қаласындағы №6 орта мектеп-интернатында Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Көптілді ортада мемлекеттік тілді үйрету және тілдік кедергіні жеңу жолдары» тақырыбында облыстық көшпелі семинар өткізілді.

Іс-шараны мекеме басшысы Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев кіріспе сөзбен ашып, мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосып жүрген тіл жанашырларына алғысхаттар табыстады.

Семинарға арнайы шақырылған спикерлер – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Анар Мұратқызы Фазылжан және аталған институттың грамматика бөлімінің ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының магистрі Қымбат Берікұлы Слямбеков қатысып, көптілді ортада мемлекеттік тілді оқытудың тиімді тәсілдері, тілдік кедергілерді еңсеру жолдары туралы мазмұнды баяндамалар жасады.

Ауданның жалпы білім беретін мектептерінен 100 қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі қатысқан семинар барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, сұрақтарын қойып, тәжірибе бөлісті.

Областной выездной семинар на тему: "обучение государственному языку в полиязычной среде и пути преодоления языкового барьера»

В целях реализации Концепции развития языковой политики в Республике Казахстан на 2023-2029 годы 12 июня 2026 года в средней школе-интернате №6 города Жаркент Панфиловского района учебно-методическим центром «Тіл» Жетысуской области проведен областной выездной семинар на тему «обучение государственному языку в полиязычной среде и пути преодоления языкового барьера». С вступительным словом открыл мероприятие руководитель учреждения Жолдыбаев Женис Хамитович и вручил благодарственные письма тем, кто внес вклад в развитие государственного языка. В семинаре приняли участие приглашенные спикеры-директор Института языкознания имени Ахмета Байтурсынова, кандидат филологических наук Фазылжан Анар Муратовна и научный сотрудник отдела грамматики данного института, магистр филологических наук Слямбеков Кымбат Берикович, которые выступили с содержательными докладами об эффективных подходах к обучению государственному языку в полиязычной среде, путях преодоления языковых барьеров. В ходе семинара, в котором приняли участие 100 учителей казахского языка и литературы общеобразовательных школ района, участники обменялись мнениями, задавали вопросы и делились опытом.

 

Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен орталықтың аудандық және қалалық филиалдары оқытушылары арасында тіл оқыту сапасын арттыру, кәсіби шеберлікті шыңдау және үздік тәжірибелерді насихаттау мақсатында дәстүрлі «Үздік оқытушы» облыстық байқауы өтті.
Байқаудың ашылу салтанатында мекеме басшысы Ж. Жолдыбаев қатысушыларға сәттілік тілеп, мемлекеттік тілді оқыту ісіндегі оқытушылардың еңбегіне жоғары баға беріп, мұндай кәсіби алаңдардың тәжірибе алмасу мен кәсіби дамудағы маңыздылығына тоқталды.
Қазылар алқасы құрамында: Абызова Айна Маратқызы – І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің философия ғылымдарының докторы (PhD), төрайым, Қуандық Мөлдір Дәулетбекқызы – педагогика ғылымдарының магистрі, Балпық би атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі және Елесбаева Жанар Әлмұхаметқызы – Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының мемлекеттік тілді оқыту курсының оқытушысы болды.
Байқауға орталықтың аудандық және қалалық филиалдарының мемлекеттік тіл оқытушылары қатысып, кәсіби шеберліктерін көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша:
Бас жүлде – Ауелбекова Айгерім Матайбекқызы (Сарқан ауданы)
І орын – Оралбаева Перизат Қайратқызы (Қаратал ауданы)
ІІ орын – Барат Қырмызы Ердәулетқызы (Панфилов ауданы)
ІІІ орын – Айдынқызы Айдана (Алакөл ауданы)
Алғысхатпен Талдықорған қаласы, Ақсу, Ескелді, Кербұлақ, Көксу аудандары және Текелі қаласының оқытушылары марапатталды.
Байқау барысында қатысушылар мемлекеттік тілді оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынып, кәсіби тәжірибелерімен бөлісті. Мұндай байқаулар оқытушылардың біліктілігін арттыруға, тәжірибе алмасуға және мемлекеттік тілді оқыту сапасын жетілдіруге мүмкіндік береді.

Областной конкурс «Лучший преподаватель»

В целях повышения качества преподавания языка, повышения профессионального мастерства и пропаганды лучших практик среди преподавателей районных и городских филиалов центра прошел традиционный областной конкурс «Лучший преподаватель», организованный учебно-методическим центром «Тіл» Жетысуской области. На открытии конкурса руководитель учреждения Ж. Жолдыбаев пожелал участникам удачи, высоко оценил труд преподавателей в деле обучения государственному языку и отметил важность таких профессиональных площадок в обмене опытом и профессиональном развитии. В составе жюри: Абызова Айна Маратовна-доктор философских наук (PhD) Жетысуского государственного университета имени И. Жансугурова, председатель, Куандык Молдир Даулетбековна-магистр педагогических наук, учитель казахского языка и литературы средней школы имени Балпык би и Елесбаева Жанар Альмухаметовна-преподаватель государственного языка учебно-методического центра «Тіл» Жетысуской области был преподавателем курса. В конкурсе приняли участие преподаватели государственного языка районных и городских филиалов центра, которые продемонстрировали свое профессиональное мастерство. По итогам конкурса: Главный приз-Ауельбекова Айгерим Матайбековна (Сарканский район) І место - Оралбаева Перизат Кайратовна (Каратальский район) ІІ место-Барат Қырмызы Ераулетқызы (Панфиловский район) ІІІ место-Айдана Айдыновна (Алакольский район) Благодарственными письмами награждены преподаватели г. Талдыкорган, Аксуского, Ескельдинского, Кербулакского, Коксуского районов и г. Текели. В ходе конкурса участники представили эффективные методы и приемы обучения государственному языку, поделились профессиональным опытом. Такие конкурсы позволяют повысить квалификацию преподавателей, обменяться опытом и улучшить качество преподавания государственного языка.

«Мемлекеттік тіл мәртебесі – ел мерейі» атты облыстық байқау

2026 жылғы 20 мамыр күні Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Талдықорған қаласындағы «Тіл сарайында» мемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос өкілдері арасында «Мемлекеттік тіл мәртебесі – ел мерейі» атты облыстық байқау өтті.
Іс-шараның ашылуында мекеме басшысы Жеңіс Хамитұлы құттықтау сөз сөйлеп, мемлекеттік тілдің қоғамдағы маңызына тоқталды.
Қатысушылар өзін-өзі таныстыру, мақал-мәтел сайысы және «Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі» тақырыбында шығарма жазу кезеңдері бойынша бақ сынады.
Қазылар алқасы құрамында: Абызова Айна Маратқызы – І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің философия ғылымдарының докторы (PhD), төрайым; Қуандық Мөлдір Дәулетбекқызы – педагогика ғылымдарының магистрі, Балпық би атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі; Елесбаева Жанар Әлмұхаметқызы – Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының мемлекеттік тілді оқыту курсының оқытушысы болды.

Региональный конкурс «Статус государственного языка — национальный праздник»

20 мая 2026 года учебно-методическим центром «Тіл» Жетысуской области во Дворце языков города Талдыкорган прошел областной конкурс «статус государственного языка – ел Мерей» среди представителей этносов, владеющих государственным языком. На открытии мероприятия с приветственным словом выступил руководитель учреждения Женис Хамитович, который отметил значение государственного языка в обществе. Участники соревновались по этапам самопрезентации, конкурса пословиц и поговорок и написания сочинений на тему «государственный язык-опора нации». В составе жюри: Абызова Айна Маратовна-доктор философских наук (PhD) Жетысуского государственного университета имени И. Жансугурова, председатель; Куандык Молдир Даулетбековна-магистр педагогических наук, учитель казахского языка и литературы средней школы имени Балпык би; Елесбаева Жанар Альмухаметовна-преподаватель государственного языка учебно-методического центра «Тіл» Жетысуской области был преподавателем курса.

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін жан-жақты түсіндіру, этнос өкілдерінің қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру, сондай-ақ кәсіпкерлік және қызмет көрсету саласында қазақ тілін қолдану аясын кеңейту және орталық қызметін таныстыру болды.
Семинар барысында қатысушыларға тілдің маңызы, оны кәсіби және күнделікті өмірде қолдану мүмкіндіктері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, Тіл оқу-әдістемелік орталығының оқу курстары мен оқыту бағыттары туралы ақпарат берілді.
Іс-шараға қатысушылар белсенділік танытып, өзара пікір алмасты. Семинар өз мақсатына жетіп, жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

В Алакольском районном филиале КГУ «учебно-методический центр» Тіл» Жетысуской области проведен семинар «государственный язык: құрмет, қаламысы, табыс»

Целью мероприятия было всестороннее разъяснение роли государственного языка в обществе, повышение интереса и мотивации представителей этносов к изучению казахского языка, а также расширение сферы применения казахского языка в сфере предпринимательства и услуг и презентация деятельности центра. В ходе семинара участникам было разъяснено значение языка, возможности его применения в профессиональной и повседневной жизни. Также была представлена информация об учебных курсах и направлениях обучения языкового учебно-методического центра. Участники мероприятия проявили активность и обменялись мнениями. Семинар был организован на высоком уровне, достигнув своей цели.

 

 

2026 жылғы 31 наурыз күні Талдықорған қаласындағы Тіл сарайының Мәжіліс залында Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Тілді оқыту үдерістерін жаңарту: оқыту нысандары, әдістері мен сапаны бағалау» тақырыбында оқытушыларға арналған біліктілікті арттыру курсы өтті.
Іс-шараның ашылуында орталық басшысы Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев сөз сөйлеп, курстың маңыздылығына тоқталды.
Курс барысында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Анар Фазылжан «Ұлттық тілдік-мәдени кодтарды үйрету – тіл оқыту әдістемесінің креативті өзегі» тақырыбында сабақ өткізіп, тіл мен мәдениетті ұштастырудың тиімді жолдары мен заманауи тәсілдерін таныстырды.
Курстың екінші бөлігінде Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Этнолингвистика бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Өтебаева Эльмира Әбдіғалиқызы «Қазақ тілі ұлттық корпусы мәдени-репрезентативті ішкорпусының лингводидактикалық әлеуеті» тақырыбында жалғастырып, ұлттық корпустың тіл оқытудағы мүмкіндіктерін тәжірибелік тұрғыда көрсетті.
Курс барысында қатысушыларға практикалық тапсырмалар ұсынылып, топтық жұмыстар ұйымдастырылды. Оқытушылар өзара тәжірибе алмасып, кәсіби біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік алды.
Іс-шара соңында пікір алмасу өткізіліп, курс қорытындыланып, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Аталған курс тіл мамандарының кәсіби дамуына серпін беріп, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған маңызды алаң болды.

Курс повышения квалификации «Инновации в процессах преподавания языков: формы обучения, методы и оценка качества»

31 марта 2026 года в зале «Маджилис» Дворца языка в Талдыкоргане состоялся курс повышения квалификации для учителей на тему «Инновации в процессах преподавания языка: формы обучения, методы и оценка качества», организованный учебно-методическим центром «Тил» Жетысуской области.

На открытии мероприятия выступил руководитель центра Женис Хамитулы Жолдыбаев, подчеркнув важность курса.

В ходе курса Анар Фазылжан, директор Института лингвистики им. Ахмета Байтурсынулы, кандидат филологических наук, провел занятие на тему «Преподавание национальных лингвистических и культурных кодов – творческое ядро ​​методики преподавания языка» и представил эффективные способы и современные методы сочетания языка и культуры.

Во второй части курса заведующая кафедрой этнолингвистики Института лингвистики им. Ахмета Байтурсынылы, кандидат филологических наук Утебаева Эльмира Абдыгалиевна продолжила лекцию на тему «Лингводидактический потенциал культурно-репрезентативного корпуса казахского национального корпуса» и продемонстрировала возможности национального корпуса в преподавании языка на практике.

В ходе курса участникам были предложены практические задания и организована групповая работа. Преподаватели получили возможность обменяться опытом и повысить свою профессиональную квалификацию.

В конце мероприятия состоялся обмен мнениями, подведены итоги курса и вручены сертификаты всем участникам.

Этот курс стал важной платформой, направленной на стимулирование профессионального развития лингвистов и расширение сферы использования государственного языка.

 

2026 жылғы 30 наурызда Іс жүргізу бойынша курсты сәтті аяқтаған тыңдаушыларға сертификат табысталды.
Оқытушы: Маржан Әділбек

Сертификаты вручены

30 марта 2026 года участникам, успешно завершившим курс «Управление бизнесом», были вручены сертификаты.

Преподаватель: Маржан Адильбек

 

          Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес «Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы КММ 2026 жылғы 13-30 сәуір аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне келесі бағыттар бойынша талдау жүргізу жоспарлануда:

1) мекеменің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ұсыныстар болған жағдайда келесі телефондарға хабарласа аласыз: Нуртаева Динара Нуртаевна,                             +7 (7282) 41 51 33.

Объявление о начале проведения внутреннего анализа коррупционных рисков

 

          В соответствии с Типовыми правилами проведения внутреннего анализа коррупционных рисков, утвержденными приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 19 октября 2016 года № 12, в период с 13-30 апреля 2026 года планируется проведение внутреннего анализа коррупционных рисков в                        КГУ «Учебно-методический центр «Тіл» государственного учреждения «Управление общественного развития области Жетісу».по следующим направлениям:

          1) выявление коррупционных рисков в нормативных правовых актах, затрагивающих деятельность государственного учреждения;

2) выявление коррупционных рисков в организационно-управленческой деятельности государственного учреждения.

В случае имеющейся предложений по коррупционным рискам вы можете обратиться по телефону: Нуртаева Динара Нуртаевна,                                            +7 (7282) 41 51 33.

 

1 Наурыз — Алғыс айту күніне орай А1, А2, В2 деңгейлері мен Іс жүргізу курсының тыңдаушыларының ұйымдастыруымен «Алғыс айту — ізгіліктің бастауы» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: Тіл үйретушілерге оқытушыларына құрмет көрсетіп, тіл үйретудегі зор еңбектің қадірін түсіндіру. Алғыс айту мерекесіне орай Жетісу облысы "Тіл" оқу-әдістемелік орталығының әдістемелік үйлестіру бөлімінің басшысы Назерке Нұрланқызына құттықтау сөзін айтты.
Шара барысында Іс жүргізу курсының тыңдаушылары: Арай Арманқызы мен Салтанат Баймұхамбетқызы би билесе, Таңдана Қаһар Әбдіғалидың термесін орындады, Әсел Адамбаева М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін жатқа оқыды. В2 деңгейінің тыңдаушылары: Әсем Төлепбергенқызы «Мың алғыс саған, ұстазым» әнін айтса, Айдана Ержанқызының орындауында «Алғыс» әні тыңдалды.
Жетісу облысы Төтенше жағдай департаментінің бастығы полковник К. Алтынбековтің атынан Жетісу облысы Тіл оқу-әдістемелік орталығының басшысы Жеңіс Хамитұлы мен Мемлекеттік тілді оқыту курсының оқытушысы Жанар Әлмұхаметқызына Алғысхат табысталды.
Оқытушы Жанар Әлмұхаметқызы

Мероприятие на тему «Алғыс айту — ізгіліктің бастауы»

1 марта — В честь Дня благодарения учащиеся уровней А1, А2, В2 и Бизнес-курса провели мероприятие на тему «Благодарение — начало добра». Цель мероприятия: выразить уважение преподавателям языков и объяснить ценность их труда в обучении языкам. По случаю Дня благодарения с поздравительной речью выступила заведующая методическим координационным отделом Жетысуского областного учебно-методического центра «Тил» Назерке Нурлановна.

В ходе мероприятия учащиеся Бизнес-курса: Араи Армановна и Салтанат Баймухамбетовна исполнили танцы, Тандана Кахар исполнила термы Абдыгали, Асель Адамбаева прочитала стихотворение М. Макатаева «Уш бакитым». Учащиеся уровня В2: Асем Толепбергеновна исполнила песню «Мын аракс саган, устазим», а Айдана Ержановна — песню «Алгис».

От имени начальника управления по чрезвычайным ситуациям Жетысуской области полковника К. Алтынбекова было вручено благодарственное письмо руководителю Жетысуского областного языково-учебно-методического центра Женису Хамитулы и преподавателю Государственного языкового курса Жанар Алмухаметовне.

 

19 ақпанда Жетісу облысы "Тіл" оқу-әдістемелік орталығы 21 ақпан – Халықаралық ана тілі күніне орай «Ана тілі – рухани тәуелсіздіктің тірегі» атты облыстық байқау өткізді.

Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін арттыру, қазақ тілін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен насихаттау және тілдің рухани тәуелсіздіктің тірегі ретіндегі маңызын дәріптеу.

Байқау міндеттері аясында мемлекеттік тіл тақырыбындағы сапалы журналистік материалдарды қолдау, БАҚ өкілдерінің қазақ тіліндегі шығармашылық еңбегін ынталандыру, ана тілі мен ұлттық құндылықтар мәселесін қоғам назарында ұстау, үздік жұмыстарды анықтап, көпшілікке тарату көзделді.

Байқауға Жетісу облысы аумағында қызмет атқаратын баспа басылымдары, телеарналар, радиолар, интернет-басылымдар мен ақпараттық порталдардың журналистері мен авторлары қатысты.

Қазылар алқасы құрамында ҚР Мәдениет қайраткері, Құрметті журналист Жұмахмет Жайлаубай, «Жетісу» облыстық газетінің бас редактор орынбасары Ришад Тұрғанбай, PhD докторы Абызова Айна Маратовна болды.

Қорытындысы бойынша:
«Үздік баспа материал» – І орын Медет Жұмабаев, ІІ орын Торғын Тұрлыбаева, Альфита Сексенбаева, Гаухар Муса, ІІІ орын Наргиз Ибраимова, Ербол Сымханов, Диана Дауренқызы.

«Үздік интернет материал» – І орын Нұрлыбек Несіпбаев, ІІ орын Дидар Қайрат, ІІІ орын Ажар Андас.

«Үздік радио материал» – І орын Сымбат Саттарқызы, ІІ орын Махаббат Жүзбайқызы.

Жеңімпаздар арнайы дипломдармен, статуэтка және сыйлықтармен марапатталды.

 

 

Региональный конкурс «Ана тілі – рухани тәуелсіздіктің тірегі»

19 февраля в Жетысуском областном учебно-методическом центре «Тил» состоялся региональный конкурс «Родной язык – опора духовной независимости», посвященный 21 февраля – Международному дню родного языка.

Цель конкурса – повышение роли государственного языка в обществе, широкое распространение казахского языка через средства массовой информации и популяризация важности языка как опоры духовной независимости.

Задачи конкурса – поддержка качественных журналистских материалов по теме государственного языка, поощрение творческой работы на казахском языке представителей СМИ, поддержание актуальности вопроса родного языка и национальных ценностей в общественном сознании, выявление лучших работ и их распространение среди общественности.

В конкурсе приняли участие журналисты и авторы из печатных изданий, телеканалов, радиостанций, интернет-изданий и информационных порталов, действующих в Жетысуской области.

В состав жюри вошли заслуженный журналист Республики Казахстан Жумахмет Жайлаубай, заместитель главного редактора региональной газеты «Жетысу» Ришад Турганбай и кандидат наук Абызова Айна Маратовна.

По результатам голосования:

«Лучший печатный материал» – 1 место Медет Жумабаев, 2 место Торгын Турлыбаева, Алфита Сексенбаева, Гаухар Муса, 3 место Наргиз Ибраимова, Ербол Симханов, Диана Дауреновна.

«Лучший интернет-материал» – 1 место Нурлыбек Несипбаев, 2 место Дидар Кайрат, 3 место Азхар Андас.

«Лучший радиоматериал» – 1 место Симбат Саттаркизы, 2 место Махаббат Жузбайкизы.

Победителям были вручены специальные дипломы, статуэтки и призы.

1 бет. Барлығы: 24

Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев
Мекеме басшысы