Қазақстан Республикасының Төтенше жағдай министрлігінің «Қаселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің «Жетісу Алатау аумақтық пайдалану басқармасы» филиалы қызметкерлері Қазтесттің байқау сынағын тапсырды. Тестілеуге 10 қызметкер қатысты.
Бүгін мекеме басшысы Ж. Жолдыбаев Қазақстан Республикасы қаржылық мониторинг агенттігінің Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің В2 — ортадан жоғары деңгей тыңдаушыларына сертификат табыстады.
Курсты 3 топ, 44 тыңдаушы тәмамдаған. Мекеме басшысы Ж. Жолдыбаев департамент басшысы Е. Тюмелиевке мемлекеттік тілді насихаттап, дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, алғысхат табыстады.
Оқытушы: М. Әділбек.
Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы аудандық, қалалық филиалдарында І тоқсанға жоспарланған 50 сағаттық оқу мемлекеттік тіл курсы (В2 – ортадан жоғары деңгей) тыңдаушылары емтихан тапсыруда.
Ескелді аудандық филиалы
Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Ескелді аудандық филиалының мемлекеттік тіл курсының тыңдаушыларымен «Берекелі, мерекелі Әз Наурыз!» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді.
Ақсу аудандық филиалында «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» атты сайыс сабағы өтті. Сабақтың мақсаты: тыңдаушылардың бойына салт-дәстүр, ырым-тыйымдарды сіңіріп, ұмытылған дәстүрлерді еске түсіру. Сабақ барысында екі топ ұран құрастырып, мақал-мәтел, тыйым сөздердің мағынасын ашып жарысты.
Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Кербұлақ аудандық ағылшын тілін оқыту курс тыңдаушылары Ұлыстың ұлы күніне орай түсірген видео құттықтауын жолдайды. Наурыз мейрамы құтты болсын!
Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Ескелді аудандық филиалының мемлекеттік тіл курсының тыңдаушыларымен «Берекелі, мерекелі Әз Наурыз!» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді.
Жыл басы Наурызбен бірге ызғарлы қыстың орнын шуақты көктем басып, тіршілік қайта түлейді. Бұл күні адамдар бұлақ көзін ашып, тал еккен, жоқ-жітікке жәрдемдескен. Алыс кеткен ағайын қауышқан, араз жандар татуласып, қайта табысқан күн. Сол себептіде қазақ халқы Наурыз мерекесін ерекше атап өтеді.
Биылғы наурыз мерекесіне орай Алакөл «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 19 наурыз күні З.Қойшыбаева атындағы мәдениет үйінде «Наурыз - думан» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Жетісу облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Текелі қалалық филиалының мемлекеттік тіл курсы тыңдаушысы Д. Даренская Наурыз мерекесімен құттықтауы.
https://www.instagram.com/reel/C4rp7KSij6_/?igsh=MW94OThjb3d2bGJ6cQ==
Жетісу облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы ағышын тілі курсының оқытушылары А. Тұрлыбек және С. Райсова «Қазақтың ұлттық тағамы – «Nauryz kozhe» тақырыбында ағылшын тілінде видеомағлұмат әзірледі.
https://www.instagram.com/reel/C4sBAiKCSvL/?igsh=MTZ6bGU4cTVhang3bQ==