16/09/2024  Дүйсенбі
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  8(7282) 41-80-20
ҚР, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, ҚАРАТАЛ ЫҚШАМ АУДАНЫ, 36Б

Мереке күні облыстық «Жетісу»  газетінің №101 санына орталық  оқытушысы М. Әділбектің «Ұлт күретамыры»  тақырыбындағы мақаласы жарияланды.

Еңбегіңіз жансын!

 

c5148c2f d278 4e6f a5c8 39eb62d32be34a599032 35c1 4ec0 8d25 787b2d4ece55

4 қыркүйек күні Қаратал аудандық филиалында  А2 базалық деңгей тыңдаушыларымен орталық оқытушысы А.Б.Мыржикова Қазақстан Халқы тілдері күніне орай "Мемлекеттік тіл - менің тілім" атты танымдық сабақ өткізді. Оқытушы тыңдаушыларға мемлекеттік тілдің маңызын, яғни тәуелсіздіктің ең басты белгісі- оның ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел ешқашан егеменді ел бола алмайтындығын айтып  түсіндірді.

        Сабақ барысында тыңдаушыларға мемлекеттік тіл туралы викториналық сұрақтар қойылды, тыңдаушылар  мемлекеттік тілде өз  білгендерін  ортаға салып, белсенділік танытты. Ақын-жазушылардың тіл туралы жазған  өлеңдерін,нақыл сөздерін мәнерлеп оқыды.

5c92ab89 f3be 4896 ab78 7d3fa22065b590880c19 e8b0 478f 90d9 43638303ea29

  5 қыркүйек тіл мерекесіне орай,  4 қыркүйек күні  Алакөл аудандық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының  ұйымдастыруымен «Жеті жұрттың тілін біл,Өз тіліңді құрметте» атты танымдық сабақ өткізілді. Сабаққа мемлекеттік тілді оқыту А1- 2 тобымен өткізілді. Топ тыңдаушылары сабақ барысында қазақ тілінде оқыған кітаптары мен бөлісіп, тіл туралы өлең шумақтарын оқыды.         

      Шараның басты мақсаты— тыңдаушыларға ана тілімізді ардақ тұтып, өзге тілді игерудің және де елімізде тату тәтті өмір кешіп жатқан ұлттар мен ұлыстардың тіл мәдениетіне құрметпен қарауды дәріптеу. Сонымен қатар өз ана тіліміздің тазалығын, көркемділігін, байлығын, шешендігін, әуезділігін сақтай отырып, ана тіліне сүйіспеншілікті арттыру, мемлекеттік тіл мәселесін көтеруге үлес қосу. Шын мәнінде тіл ұлттың жаны, ары және бірліктің бастауы. Қай ұлт болса да оның басты құндылығы тілі екені даусыз.

      Қазіргі ғылым мен техниканың заманында қазақ жастары әлемдік интеграция үрдісіне ілесіп, дүниежүзінде нарық пен ғылымның тілі болған ағылшын, қытай, неміс тілдерін игеру заман талабы. Әлемде дамыған елдердің бірі Жапонияда жас ұрпағына әуелі ана тілін толық меңгермей тұрып өзге тілді үйретуге рұқсат бермейді. Әрине, бұл да игі дәстүр. Осы тұрғыдан аталмыш шара барысында тыңдаушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасып, ана тіліміздің қадірін түсінумен бірге өзге тілдерге құрметпен қарау туралы тұшымды ойларымен бөлісті.\

36037bb3 5fb0 4cd4 8ef8 bed85ba9dd49e7808ec6 99ad 4ccb 93ca b9320b3856df

Бүгін,  Қазақстан  Халқы  тілдері күні қарсаңында Жетісу облысының «Тіл»  оқу-әдістемелік  орталығының басшысы Ж. Жолдыбаев «Jetisy»  радиосының «Дидар-ғайып»  бағдарламасына  қонақ болып қайтты. Сұхбат барысында  мекеме басшысы тілдік мәселелер,  мекеменің қызметі,  жұмыс барысы туралы ақпарат берді.

1 11 21 3

4 қыркүйек күні Қаратал аудандық филиалында  А2 базалық деңгей тыңдаушыларымен орталық оқытушысы А.Б.Мыржикова Қазақстан Халқы тілдері күніне орай "Мемлекеттік тіл - менің тілім" атты танымдық сабақ өткізді. Оқытушы тыңдаушыларға мемлекеттік тілдің маңызын, яғни тәуелсіздіктің ең басты белгісі- оның ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел ешқашан егеменді ел бола алмайтындығын айтып  түсіндірді.

        Сабақ барысында тыңдаушыларға мемлекеттік тіл туралы викториналық сұрақтар қойылды, тыңдаушылар  мемлекеттік тілде өз  білгендерін  ортаға салып, белсенділік танытты. Ақын-жазушылардың тіл туралы жазған  өлеңдерін,нақыл сөздерін мәнерлеп оқыды.

 

1 11 2

4 қыркүйек күні В1 деңгейі тыңдаушыларының арасында  “Қазақ тілі- менің тілім” атты ашық сабақ өткізілді.

Жаңа сабақ құттықтаумен, тіл мерекесін таныстырумен басталды.

 “Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл”,деп ұлттың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы атамыз айтып өткендей, қазақ тілі — дүние жүзіндегі ең бай, ең көркем тілдердің бірі.

   Сабақ барысында тыңдаушылар қазақ ақын-жазушыларының оймақтай ойларымен танысып,мақал-мәтел айтып сайысты.

Оқытушы:  М. Әділбек

cc107ba7 87d3 4e65 95cd 22fe18c8489e1e9ccd26 b328 40b3 9824 a0e931c297699161d404 8c30 4682 a9c8 009f9235705fef94d355 08ba 4e42 ac2f 22bc79d67340

5 қыркүйек тіл мерекесіне орай,  4 қыркүйек күні  Алакөл аудандық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының  ұйымдастыруымен «Жеті жұрттың тілін біл,Өз тіліңді құрметте» атты танымдық сабақ өткізілді. Сабаққа мемлекеттік тілді оқыту А1- 2 тобымен өткізілді. Топ тыңдаушылары сабақ барысында қазақ тілінде оқыған кітаптары мен бөлісіп, тіл туралы өлең шумақтарын оқыды.         

      Шараның басты мақсаты— тыңдаушыларға ана тілімізді ардақ тұтып, өзге тілді игерудің және де елімізде тату тәтті өмір кешіп жатқан ұлттар мен ұлыстардың тіл мәдениетіне құрметпен қарауды дәріптеу. Сонымен қатар өз ана тіліміздің тазалығын, көркемділігін, байлығын, шешендігін, әуезділігін сақтай отырып, ана тіліне сүйіспеншілікті арттыру, мемлекеттік тіл мәселесін көтеруге үлес қосу. Шын мәнінде тіл ұлттың жаны, ары және бірліктің бастауы. Қай ұлт болса да оның басты құндылығы тілі екені даусыз.

      Қазіргі ғылым мен техниканың заманында қазақ жастары әлемдік интеграция үрдісіне ілесіп, дүниежүзінде нарық пен ғылымның тілі болған ағылшын, қытай, неміс тілдерін игеру заман талабы. Әлемде дамыған елдердің бірі Жапонияда жас ұрпағына әуелі ана тілін толық меңгермей тұрып өзге тілді үйретуге рұқсат бермейді. Әрине, бұл да игі дәстүр. Осы тұрғыдан аталмыш шара барысында тыңдаушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасып, ана тіліміздің қадірін түсінумен бірге өзге тілдерге құрметпен қарау туралы тұшымды ойларымен бөлісті.

      1 11 2

Білім күнімен тұспа-тұс келген бұл жолдауды да қалт жібермей тыңдадық. Президент «Көрпеңе қарай көсілу керек» дей отырып, ел экономикасындағы қиыншылықтар мен одан шығудың жолдарын ұсына отырып, салық төңірегінде, инвестиция, кәсіп бастау, мемлекеттік сатып алудың жаңа жүйелері, мемлекеттік қаржының талан-таражға салынбауы, т.б. келелі мәселелерге қатысты нақты тапсырмалар берді.

«Ұлттық табыстың игілігін жұрттың бәрі бірдей көріп отырған жоқ, ұлт мүддесі үшін біріге отырып, әділетті қоғам құруда бірлесе жұмыс жүргізу керек» деген Президентті біз әрдайым қолдаймыз!

IMG 5460 IMG 5453 IMG 5452 IMG 5457 IMG 5467 IMG 5474 IMG 5486IMG 5487IMG 5488

 2023 жылдың 17 тамыз күні  Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен облыстық «Jetisy» газетінің 105 жылдығына орай, дұрыс сөйлеу, сауатты жазу, өзге тілдегі ақпаратты қазақ тіліне сауатты аударудағы әдеби норманы сақтау және түзету, әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Тіл мен тілші» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

2023 жылы 17 тамыз күні Жетісу облысының  тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік  тіл және БАҚ»  атты облыстық байқау өтті.

Байқау жүлдегерлерінің ішінде орталық қызметкерлері де табылды.

Атап айтар болсақ,  Ақсу аудандық филиалының меңгерушісі
Б. Қанатқызы «Үздік мақала»  номинациясы бойынша Б. Құранбек атындағы АРНАЙЫ жүлдені иеленсе,  Алакөл аудандық филиалының меңгерушісі А. Сейсенбай «Үздік мақала»  номинациясы бойынша ЫНТАЛАНДЫРУ жүлдесімен марапатталды.

11 бет. Барлығы: 14

Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев
Мекеме басшысы