02/06/2025  Дүйсенбі
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  8(7282) 41-80-20
ҚР, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, ҚАРАТАЛ ЫҚШАМ АУДАНЫ, 36Б

Қостанай облысы әкімдігі  мәдениет басқармасының «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы» КММ-сі 2024 жылдың 27-28 маусым аралығында Шайсұлтан Шаяхметовтың 85 жылдығына орай оқытушылардың кәсіби шеберліктерін  дамыту мақсатында «Тіл-халық рухы» атты республикалық ашық есік күнін өткізуде.

Аталған шараға  Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми практикалық орталығы,  Жетісу облысының «Тіл» оқу әдістемелік орталығы, Жамбыл, Қызылорда және өз өңіріміздің тілдерді оқыту орталықтарының басшылары мен мамандары,  оқытушылары қатысты.

Бағдарламаға сәйкес орталық басшысы Т.Ә.Айтмағамбетова орталықтың атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырып, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының медиа-сарапшысы, журналист Ж. Жұмаділұлы   «Мемлекетшіл тұлғаның болмысы» Ш.Шаяхметовтың ағартушылық өмірінің тың деректерімен бөлісті. Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшысы Ж.Х.Жолдыбаев «Орталық жұмысын жүйелендіру» тақырыбында баяндама жасап, тілдерді оқыту жүйесін оңтайландыру туралы тәжірибесімен бөлісті.

Шараның екінші бөлімінде Рудный қалалық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Л.А. Кульбаева, «Тілдарын»  облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Б.Т.Ахметжанова шеберлік сабақ көрсетіп, өзара тәжірибе алмасты.   

Екінші күні орталығымыздың мамандары О. Қойчибеков және М. Әділбек шеберлік сабағын көрсетеді.

1 1 1

Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының аудандық және қалалық филиалдарында 19-21 маусым аралығында емтихан өтті.

Мемлекеттік тілді үйренуші- тыңдаушылармен мекеме басшысы Ж. Жолдыбаев сұхбаттасып, курс туралы, тілге деген қызығушылығы туралы пікірін білді.

1 1 1

Ескелді аудандық емхана қызметкерлері (А1) тыңдаушыларынан мемлекетті тілді оқыту курсы бойынша емтихан қабылдау жүріп жатыр.

1 1 1

Жетісу облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының оқытушысы М. Маралбаева «Ұлттық ұлан» сарбаздарына мемлекеттік тілді жетік білудің маңызын түсіндіріп, орталықтағы тіл үйрену курстары туралы пайдалы ақпарат берді.

1 1 1

2024 жылдың 30 мамыр күні  Текелі қалалық филиалында «Өзекті өртер шындық» тақырыбында танымдық сабақ өтті.

     Сабақтың мақсаты:   Қазақ  халқының  тарихындағы қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы мағұлмат беру.

     Филиал меңгерушісі Айгүл Ермұханқызы  тыңдаушыларды құттықтап, сөз алды. Сабаққа А2 базалық  тобы қатысты. Сабақта қуғын –сүргінге байланысты слайд көрсетіліп, мәліметтер берілді.

     Іс-шарада  тыңдаушылар сұрақтарға жауап беріп, қуғын-сүргінге ұшыраған зиялы қауым туралы білгендерін айтты. Қазақ зиялыларымен танысып болған соң,  тест сұрақтарына жауап берді. Сабақ соңында викториналық сұрақтарға дұрыс жауап берді.

100 100 100

 Қаратал аудандық филиалында  ағылшын тілі оқытушысы И.Ибраева "31 мамыр– қуғын -сүргінге ұшырағандарды еске алу күніне" орай орталық тыңдаушыларымен  танымдық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқытушы қуғын-сүргін арқылы 100мыңға жуық қазақстандық өткендігін, оның 20мыңы ату жазасына кесілгендігін айтты. Жазықсыз  жазаланғандардың қатарында Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынов, М.Тынышбаев, М.Дулатов, Т.Рысқұлов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, С.Асфендияров сияқты мемлекет және қоғам қайраткерлері, ұлт  зиялылары  болғандығын слайд арқылы түсіндіріп өтті, 1минуттық еске алу үнсіздігі жарияланды. Тыңдаушылар сабақтан алған мағлұматтарын мемлекеттік тілден ағылшын тіліне аударып, сөз тіркестері мен сөйлем құрастырып, өз ойларын еркін жеткізе білді.

1 2

 В Каратальском районном филиале преподаватель английского языка Ибраева И. провела познавательное занятие со слушателями центра, посвященное "31 мая– Дню памяти репрессированных". В ходе урока преподаватель рассказал, что через репрессии прошли около 100 тысяч казахстанцев, из них 20 тысяч приговорены к расстрелу. В числе невинно наказанных были государственные и общественные деятели, интеллектуалы нации, такие как А. Бокейхан, А. Байтурсынов, М. Тынышбаев, М. Дулатов, Т. Рыскулов, М. Жумабаев, С. Сейфуллин, Б. Майлин, И. Жансугуров, С. Асфендияров, 1минутное молчание памяти опубликовано. Слушатели смогли свободно излагать свои мысли, переводя с государственного языка на английский, составляя словосочетания и предложения.

 

1 2

7 бет. Барлығы: 20

Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев
Мекеме басшысы