Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығында 2026 жылғы 12 қаңтардан бастап l-тоқсан тыңдаушыларына арналған курстар басталды. Сабақтар бекітілген оқу кестесіне сәйкес ұйымдастырылып, курс жоспарға сай жүргізілуде.
«Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ
«Тіл» оқу-әдістемелік орталығы КММ
2025 жылы орталықтың тіл курстарына 4940 тыңдаушы қамтылды.
Мемлекеттік тілді оқыту курстары – 4084 тыңдаушы
Ағылшын тілі курстары – 856 тыңдаушы
Ұлттық құрамы:
Қазақ – 3415 (68%) Өзге этнос өкілдері – 1525 (32%)
Ақпараттық жұмыс нәтижесі:
2025 жылғы медиажоспарға сәйкес жоспарланған 20 мақаланың орнына 46 мақала БАҚ беттерінде жарық көрді.
Әлеуметтік желілерде:
542 бейнеролик жарияланды
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің ресми парақшаларында – 56 бейнеролик
Тіл – бірлік пен дамудың негізі!
Жетісу облысы Қоғамдық даму басқармасы ММ-нің «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы 2025 жылдың екінші жартыжылдығының қорытындысын шығарып, мемлекеттік тіл және ағылшын тілі курстарының тыңдаушыларына салтанатты түрде сертификаттар табыстады.
Іс-шара барысында оқу курстарын сәтті аяқтаған тыңдаушылардың білім деңгейі мен тілдік құзыреттерінің артқаны атап өтіліп, олардың мемлекеттік тілді және ағылшын тілін меңгеруге деген қызығушылығы жоғары бағаланды.
Сонымен қатар оқу үдерісіне белсенді қатысып, үздік нәтиже көрсеткен тыңдаушыларға орталық басшысы Ж. Жолдыбаев тарапынан арнайы алғыс білдіріліп, ынталандыру мақсатында естелік сыйлықтар табысталды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 10 желтоқсан 2025 жылы Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы «Тәуелсіздік кеңістігі: IQ – Battle» атты тыңдаушылар арасындағы жылдамдық, логика, шығармашылық және зияткерлік сайысын ұйымдастырды. Шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушылардың білімін, ойлау қабілетін және топтық жұмыс дағдыларын айқындады.
Шараның мақсаты – тыңдаушылардың тілдік құзыреттілігін дамыту, логикалық ойлауын шыңдау, шапшаңдық пен шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, топтық үйлесімділікті қалыптастыру, сондай-ақ қазақ халқының тарихына, мәдени мұрасына деген қызығушылықты арттыру.
Сайысқа 5 аудан мен қала командалары қатысты: Ескелді ауданы – «Тәуелсіздік тарландары», Көксу ауданы – «Азат қыздар», Қаратал ауданы – «Жас қыран», Талдықорған қаласы – «Томирис», Текелі қаласы – «Мұзбалақ».
Шара 4 кезеңнен тұрды: «Дыбыстан дерек» – тыңдалым, «Мәтіннің мәні» – оқылым, «Сөзбен салтанат» – айтылым, «Тәуелсіздік хаттары» – жазылым.
Тапсырмалар тарихи, мәдени және тілдік мазмұнға негізделіп, қатысушылардың жан-жақты қабілеттерін бағалауға бағытталды.
Жеңімпаздар:
1-орын – Ескелді ауданы,
2-орын – Текелі қаласы,
3-орын – Көксу ауданы.
Қазылар алқасы: Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев – Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшысы, Туғанай Сламғалиқызы Рахымберлина – Тілдерді дамыту және Ономастикалық жұмыс бөлімінің бас маманы, Меруерт Жеңісқызы Маралбаева – «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының оқытушысы. Аталған сайыс – келесі жылы атап өтілетін Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралардың алғашқы бастамасы болып табылады.
2026 жылы орталық Тәуелсіздіктің 35 жылдығы аясында 35 шара ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
«Тәуелсіздік кеңістігі: IQ – Battle» – мерейлі жылға жол ашқан маңызды жоба.
Іс-шараның модераторы – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Қобылан Тоқбергенұлы Манап семинарды ашып, қатысушыларды жиынның мақсаты мен міндеттерімен таныстырды.
Өз сөзінде Қ. Манап мемлекеттік қызмет саласында «Заң мен тәртіп» қағидатын ұстану, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік аппараттың ашықтығын қамтамасыз ету және азаматтардың сенімін арттыру бағытындағы жұмыстардың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, семинардың тәжірибе алмасуға және өзекті мәселелер бойынша тиімді шешімдер ұсынуға мүмкіндік беретінін жеткізді.
Одан кейін сөз кезегі Департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Данияр Алтыбайұлы Алтыбайға берілді. Ол өз баяндамасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын іске асырудың негізгі тетіктеріне тоқталды.
Күн тәртібіндегі келесі мәселе – ресми құжаттардағы тілдік бірізділік пен сауаттылық мәдениеті тақырыбы бойынша
Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшысы Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев баяндама жасады. Мемлекеттік қызмет саласында ресми ісқағаздарын дұрыс ресімдеудің маңыздылығын айтты. Өз баяндамасында іс жүргізу курстарының маңыздылығына тоқталып, орталықта ресми іс жүргізу бойынша тұрақты оқыту курстары ұйымдастырылатынын атап өтті.
Сонымен қатар, орталықтың мемлекеттік тіл курсы оқытушысы Маржан Талғатқызы Әділбек іс жүргізу кезінде жиі кездесетін қателіктерді талдап, ресми құжаттарды дұрыс ресімдеу үлгілерін көрсетті.
Іс-шара соңында қатысушылармен пікір алмасу ұйымдастырылып, қызықты куиз-тест өткізілді. Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, мемлекеттік тілдің ресми қолданысын жетілдіру жөнінде ұсыныстарын білдірді.
2025 жыл2025 жылғы 4-тоқсан бойынша курсқа жалпы саны -1057 тыңдаушы қабылданды. Топ саны -37. Оның ішінде: «Ұлттық құндылықтар» курсы бойынша - 564 тыңдаушы (қазақ), «Қазақша сөйлейік» клубы бойынша - 493 тыңдаушы (61 қазақ, 432 этнос өкілі) жиналды. Бюджеттік сала қызметкерлері - 746, мемлекеттік қызметкерлер - 13, жеке тұлға - 298.
2025 жылғы 31 қазанда Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығында мемлекеттік тілді оқыту курсының В2 деңгейі бойынша ұйымдастырылған 50 академиялық сағаттық оқу бағдарламасы өз мәресіне жетті.
Курс барысында тыңдаушылар қазақ тілінде еркін сөйлесу, кәсіби ортада сауатты жазу және ресми қатынаста тілдік нормаларды сақтау дағдыларын жетілдірді.
Оқыту үдерісін тәжірибелі мамандар – Меруерт Жеңісқызы мен Маржан Талғатқызы жүргізді.
Оқу бағдарламасын табысты аяқтаған тыңдаушыларға салтанатты түрде сертификаттар табысталды.
Курс барысында тыңдаушылар іс қағаздардың дұрыс әрі сауатты толтыру, ресми стиль ерекшеліктері, құжат түрлері мен талаптары бойынша білімдерін жетілдірді.
Курс оқытушысы — Ж.Елесбаева тыңдаушыларына арнайы сертификаттар табыстап, жиынның соңы қатысушылардың оң пікірлері мен ризашылығымен аяқталды.