2025 жылғы 4 қыркүйекте «Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ-нің «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай «Мемлекеттік тіл және тілдік тұлғаны қалыптастыру моделі: тарих, инновация, әдістеме» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.Конференцияның пленарлық бөлімінде тілдік тұлға моделін жүзеге асыру тәжірибесі талқыланып, секциялық бөлімде мемлекеттік тілдің тарихи қалыптасуы және тұлға қалыптастырудағы рөлі, қоғамдық қызмет саласындағы қолданылу аясының кеңеюі жөнінде ғылыми ізденістер сараланды.
Шара барысында облыстық білім басқармасына қарасты жалпы білім беретін орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері, орталық оқытушылары, тіл мамандары және І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің оқытушы-ғалымдары өзара тәжірибе алмасып, тығыз байланыста жұмыс жасауға мүмкіндік жасалды.
Барлық қатысушыларға сертификат, үздік баяндамашыларға диплом табысталды