08/09/2024  Жексенбі
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  8(7282) 41-80-20
ҚР, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, ҚАРАТАЛ ЫҚШАМ АУДАНЫ, 36Б

25 қазан - Республика күніне орай А1 қарапайым деңгей және А2 базалық деңгей тыңдаушылары арасында "Елім менің" атты интеллектуалдық сайыс сабағы өтті. Сайыс бес кезеңнен тұрды. Олар: Қазақстан жайлы әңгімелеу. 2. "Қазақстан" сөзін естігенде қандай ассоциация қалыптасады. 3. Әр тыңдаушы өз отбасын таныстырады. 4. Мақал-мәтелдердің орысша нұсқасын табу. 5. Мемлекеттік рәміздерге байланысты сұрақтар қойылды.

2023 жылдың 3 қараша күні Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен мемлекеттік тілді оқытудың әдістемесін жетілдіру, оқытудың әдістері мен технологияларын тәжірибеге енгізу мақсатында «Оқтытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» тақырыбында көшпелі семинар өтті.

Жетісу облысы «Тіл» оқу әдістемелік орталығының аудандық және қалалық филиалдарында В2 және іс жүргізу курсының тыңдаушылары (360 адам) курсты тәмамдады.

Жетісу облысының «Тіл» оқу әдістемелік орталығы, аудандық және қалалық филиалдарында 16-20 қазан аралығында күндері жоспарға сәйкес зерделеу жұмыстары жоспарланған.

12-13 қазан күндері Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы сала қызметкерлерін диагностикалық тестілеуден өткізуде.

25 қазан — Республика күніне орай Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының аудандық және қалалық филиалдарында өтетін іс-шаралар жоспары.

2023 жылдың 5 қазанында Жетісу облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен  Оқушылар сарайында «Тіл – татулық тірегі» атты облыстық фестиваль өтті. 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күні және ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай облыс көлемінде тілдер айлығы жарияланған болатын.  

2023 жылдың 22 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Халықтарының тілдері күні мерекесіне орай, Жетісу облысының «Тіл»  оқу-әдістемелік орталығы Панфилов аудандық филиалының ұйымдастыруымен "Ой дода" викториналық ойыны өтті.

Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен оқытушылардың кәсіби беделі мен қоғамдағы мәртебесін арттыру, әдістемелік шеберлігін анықтау, тәжірибесін сараптау арқылы ынталандыру, қолдау көрсету және марапаттау мақсатында ұйымдастырылып отырған «Тілді үйретудегі отандық әдістемелердің тәжірибесі»  тақырыбында оқытушылардың біліктілігін арттыру курсы өтті.

Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшысы
Ж. Жолдыбаев келген қонақтармен таныстырып, шараның мәні мен маңызына тоқталады.

Курстың алғашқы бөлімінде  Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл    білімі институтының директоры Анар Фазылжан Лингводидактикалық база негіздері ретіндегі жаңа  тілтанымдық құралдар мен жаңартпалар тақырыбындабаяндама жасап, лингводидактика, лингводидактикалық база, тілтанымдық жаңартпалар, тілтанымдық құралдар туралы түсінік берді.

Курстың екінші бөлімінде Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл  білімі институтының «Ахметтану» бөлімінің меңгерушісі -                              Құралай Бимолдақызы Күдеринова «Тіл үйренушіге қазақ тілінің дәстүрлі сөзсаптамын  үйретудің маңызы»,   «Қазақ тілі дәстүрлі сөзсаптамын меңгертудің тыңдаушы тілдік санасын  қалыптасырудағы рөлі» тақырыптары бойынша баяндама жасады.

 Біліктілікті арттыру курсына Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының аудандық және қалалық филиалдарынан 23 оқытушы қатысты. Курсқа қатысқан оқытушыларға мекеме басшысы Ж. Жолдыбаев сертификаттар табыстады.

 

1 1 1 2 1 3 1 4 1 5 1 6 1 7 1 8 1 9

2023 жылдың 8 қыркүйек  күні сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және жол бермеуге ерекше назар аудара отыра, басқарма мен орталық  қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікке  тәрбиелеу,  сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділік деңгейін қалыптастыру мақсатында  түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Адалдық — ар-намыстың сәулесі.

1 11 21 31 4

Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев
Мекеме басшысы