16/09/2024  Дүйсенбі
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  8(7282) 41-80-20
ҚР, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, ҚАРАТАЛ ЫҚШАМ АУДАНЫ, 36Б

10 тамыз - Абай күніне орай Жетісу облысы "Тіл"оқу-әдістемелік орталығының Қаратал аудандық филиалында ортадан жоғары  В2 тыңдаушыларымен "Қазақ поэзиясының сұңқары "атты  танымдық сабақ өтті.

2023 жылдың 10 тамыз күні  Кербұлақ  аудандық филиалында Абай күніне орай іс жүргізу курсының тыңдаушыларына «Абайдың асыл сөздері » тақырыбында қазақтың дара ақыны, ғұлама, ойшыл, ағартушы Абай есімін ұлықтау мақсатында  танымдық сабақ өтті.

Абайкүні — Қазақстан Республикасының мерекелік күнтізбесіне енген күн. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 10 тамыз Абайкүні болып белгіленді. Бұл мереке 2020 жылы аталып өтілетін Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының қарсаңында бекітілді. Жетісу облысының  «Тіл»  оқу-әдістемелік  орталығының аудандық, қалалық филиалдарында 8 танымдық сабақ  және 1 ашық сабақ  өткізу жоспарланған.

2023 жылдың 8 тамыз күні Алакөл аудандық филиалының ұйымдастыруымен  қазақтың ортақ мақтанышына айналған халқымыздың ұлы перзенті, ақын, философ, ғұлама Абай Құнанбайұлының туғанына 178 жыл толуына орай  “40398 әскери бөлімінің” В1,В2 және мекеме қызметкерлерінің қатысуымен “Ұлы халықтың – ұлы Абайы” атты танымдық сабақ өткізілді.

Бүгінгі таңда Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының 8 аудандық, 1 қалалық: Ақсу, Алакөл,Сарқан, Көксу, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Панфилов аудандық және Текелі қалалық филиалдары жұмыс істейді.

2023 жылдың 28 маусым күні Тараз шаһарында «БАҚ және тіл мәдениеті:  тілдік нормалар»  тақырыбында республикалық семинар өтті.

Жамбыл облысының  тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы және Жамбыл  облысының тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен өткен семинар барысында тіл мәселесі,  БАҚ-тағы тіл мәдениеті талқыланды.

2023 жылғы 21-23 маусым аралығы Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы және оның аудан, қаладағы филиалдарында емтихандар өтті.

6 айға созылған курстарды облыс бойынша 1617 тыңдаушы аяқтап, емтихан тапсырды.

2023 жылғы 27 маусымда Алакөл ауданы Үшарал қаласында Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік тілді оқытудың әдістемесін жетілдіру, озық тәжірибені зерделеу және қорыту, оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын тәжірибеге енгізу мақсатында Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тілді үйрету: әдіс, тәжірибе, шығармашалық» атты көшпелі семинар өтті.

2023 жылғы 21 маусымда Тіл Сарайында «Қызмет»  мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Жетісу облысы бойынша филиалының  төрағасы Қ. Жақсылық Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күніне орай жиын өткізді. Жиынға Жетісу облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқарма қызметшілері мен Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлері қатысты. Аталған шарада кәсіподақ жұмысына белсенді қатысып, жұмысқа жауапкершілікпен қарап, кәсібилігімен танылған қызметкерлер мадақталып, арнайы төс белгімен және құрмет грамоталарымен марапатталды.

Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы және оның аудан, қаладағы филиалдары 2023 жылғы I жартыжылдық қорытындысы бойынша өңірдегі мемлекеттік мекемелердің қызметшілеріне, бюджеттік сала мамандарына, қызмет көрсету саласының қызметкерлеріне және жеке тұлғаларға мемлекеттік тілді және қажеттілігіне қарай орыс және ағылшын тілдерін озық әдістер мен жаңа оқыту технологиялары негізінде оқыту курстарын аяқтады.

12 бет. Барлығы: 14

Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев
Мекеме басшысы