5 қыркүйек - Қазақстан халқының тілдері күніне орай Жетісу облысы "Тіл" оқу-әдістемелік оратлығы Көксу аудандық филиалы, Көксу аудандық кітапханасы, мәдениет үйі қызметкерлері мен Жастар ресурстық орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен “Тіл мәртебесі – ел мерейі” атты фестиваль өтті.
Шара «Көксу ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» басшысы Азамат Болатұлы Қисметов мен Көксу ауданнының «Құрметті азаматы», тіл жанашыры, зейнеткер ұстаз Әсет Әбдіқазірқызының құттықтау сөзмен басталды. Ауданымыздың жас ақын қызы Айнұр Оразбай тілдер күніне арнауы оқып, мәнерлеп оқу, сурет байқауы, викториналық ойын, эссе, мақал-мәтел сайыстары, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Белсене қатысқан оқушылар мен тыңдаушылар Алғыс хат және сыйлықтармен марапатталды. Шара соңы мәдениет үйі қызметкерлерінің ән шашуымен аяқталды.
5 қыркүйек күні Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасын өткізу аясында мемлекеттік тілде жалпықазақстандық ашық диктант өтті.
Мақсаты: мемлекеттік тілдің Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде қоғамдағы рөлін нығайту. Диктант тақырыбы: «Мағжан Жұмабаев – замманның заңғар тұлғасы».
Диктантқа Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы және оның аудан, қаладағы филиал қызметкерлері белсене атсалысты. Ашық диктантқа барлығы 545 адам қатысты. Оның ішінде: мемлекеттік және азаматтық мекеме қызметкерлері - 193 адам, бюджеттік сала қызметкерлері - 224, жеке тұлғалар - 34. Жас шамасы: студенттер - 119, ересек тұрғындар - 426. Ұлттық құрамы бойынша 386 - қазақ, 157 - этнос өкілі (29%).
5 сентября в рамках проведения республиканского культурно-просветительского проекта «Мың бала» в соответствии с планом действий Ассамблеи народа Казахстана по реализации Концепции развития на 2022-2026 годы прошел общеказахстанский открытый диктант на государственном языке.
Мереке күні облыстық «Жетісу» газетінің №101 санына орталық оқытушысы М. Әділбектің «Ұлт күретамыры» тақырыбындағы мақаласы жарияланды.
Еңбегіңіз жансын!
4 қыркүйек күні Қаратал аудандық филиалында А2 базалық деңгей тыңдаушыларымен орталық оқытушысы А.Б.Мыржикова Қазақстан Халқы тілдері күніне орай "Мемлекеттік тіл - менің тілім" атты танымдық сабақ өткізді. Оқытушы тыңдаушыларға мемлекеттік тілдің маңызын, яғни тәуелсіздіктің ең басты белгісі- оның ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел ешқашан егеменді ел бола алмайтындығын айтып түсіндірді.
Сабақ барысында тыңдаушыларға мемлекеттік тіл туралы викториналық сұрақтар қойылды, тыңдаушылар мемлекеттік тілде өз білгендерін ортаға салып, белсенділік танытты. Ақын-жазушылардың тіл туралы жазған өлеңдерін,нақыл сөздерін мәнерлеп оқыды.
5 қыркүйек тіл мерекесіне орай, 4 қыркүйек күні Алакөл аудандық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Жеті жұрттың тілін біл,Өз тіліңді құрметте» атты танымдық сабақ өткізілді. Сабаққа мемлекеттік тілді оқыту А1- 2 тобымен өткізілді. Топ тыңдаушылары сабақ барысында қазақ тілінде оқыған кітаптары мен бөлісіп, тіл туралы өлең шумақтарын оқыды.
Шараның басты мақсаты— тыңдаушыларға ана тілімізді ардақ тұтып, өзге тілді игерудің және де елімізде тату тәтті өмір кешіп жатқан ұлттар мен ұлыстардың тіл мәдениетіне құрметпен қарауды дәріптеу. Сонымен қатар өз ана тіліміздің тазалығын, көркемділігін, байлығын, шешендігін, әуезділігін сақтай отырып, ана тіліне сүйіспеншілікті арттыру, мемлекеттік тіл мәселесін көтеруге үлес қосу. Шын мәнінде тіл ұлттың жаны, ары және бірліктің бастауы. Қай ұлт болса да оның басты құндылығы тілі екені даусыз.
Қазіргі ғылым мен техниканың заманында қазақ жастары әлемдік интеграция үрдісіне ілесіп, дүниежүзінде нарық пен ғылымның тілі болған ағылшын, қытай, неміс тілдерін игеру заман талабы. Әлемде дамыған елдердің бірі Жапонияда жас ұрпағына әуелі ана тілін толық меңгермей тұрып өзге тілді үйретуге рұқсат бермейді. Әрине, бұл да игі дәстүр. Осы тұрғыдан аталмыш шара барысында тыңдаушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасып, ана тіліміздің қадірін түсінумен бірге өзге тілдерге құрметпен қарау туралы тұшымды ойларымен бөлісті.\
Бүгін, Қазақстан Халқы тілдері күні қарсаңында Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшысы Ж. Жолдыбаев «Jetisy» радиосының «Дидар-ғайып» бағдарламасына қонақ болып қайтты. Сұхбат барысында мекеме басшысы тілдік мәселелер, мекеменің қызметі, жұмыс барысы туралы ақпарат берді.
4 қыркүйек күні Қаратал аудандық филиалында А2 базалық деңгей тыңдаушыларымен орталық оқытушысы А.Б.Мыржикова Қазақстан Халқы тілдері күніне орай "Мемлекеттік тіл - менің тілім" атты танымдық сабақ өткізді. Оқытушы тыңдаушыларға мемлекеттік тілдің маңызын, яғни тәуелсіздіктің ең басты белгісі- оның ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел ешқашан егеменді ел бола алмайтындығын айтып түсіндірді.
Сабақ барысында тыңдаушыларға мемлекеттік тіл туралы викториналық сұрақтар қойылды, тыңдаушылар мемлекеттік тілде өз білгендерін ортаға салып, белсенділік танытты. Ақын-жазушылардың тіл туралы жазған өлеңдерін,нақыл сөздерін мәнерлеп оқыды.
4 қыркүйек күні В1 деңгейі тыңдаушыларының арасында “Қазақ тілі- менің тілім” атты ашық сабақ өткізілді.
Жаңа сабақ құттықтаумен, тіл мерекесін таныстырумен басталды.
“Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл”,деп ұлттың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы атамыз айтып өткендей, қазақ тілі — дүние жүзіндегі ең бай, ең көркем тілдердің бірі.
Сабақ барысында тыңдаушылар қазақ ақын-жазушыларының оймақтай ойларымен танысып,мақал-мәтел айтып сайысты.
Оқытушы: М. Әділбек
5 қыркүйек тіл мерекесіне орай, 4 қыркүйек күні Алакөл аудандық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Жеті жұрттың тілін біл,Өз тіліңді құрметте» атты танымдық сабақ өткізілді. Сабаққа мемлекеттік тілді оқыту А1- 2 тобымен өткізілді. Топ тыңдаушылары сабақ барысында қазақ тілінде оқыған кітаптары мен бөлісіп, тіл туралы өлең шумақтарын оқыды.
Шараның басты мақсаты— тыңдаушыларға ана тілімізді ардақ тұтып, өзге тілді игерудің және де елімізде тату тәтті өмір кешіп жатқан ұлттар мен ұлыстардың тіл мәдениетіне құрметпен қарауды дәріптеу. Сонымен қатар өз ана тіліміздің тазалығын, көркемділігін, байлығын, шешендігін, әуезділігін сақтай отырып, ана тіліне сүйіспеншілікті арттыру, мемлекеттік тіл мәселесін көтеруге үлес қосу. Шын мәнінде тіл ұлттың жаны, ары және бірліктің бастауы. Қай ұлт болса да оның басты құндылығы тілі екені даусыз.
Қазіргі ғылым мен техниканың заманында қазақ жастары әлемдік интеграция үрдісіне ілесіп, дүниежүзінде нарық пен ғылымның тілі болған ағылшын, қытай, неміс тілдерін игеру заман талабы. Әлемде дамыған елдердің бірі Жапонияда жас ұрпағына әуелі ана тілін толық меңгермей тұрып өзге тілді үйретуге рұқсат бермейді. Әрине, бұл да игі дәстүр. Осы тұрғыдан аталмыш шара барысында тыңдаушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасып, ана тіліміздің қадірін түсінумен бірге өзге тілдерге құрметпен қарау туралы тұшымды ойларымен бөлісті.
Білім күнімен тұспа-тұс келген бұл жолдауды да қалт жібермей тыңдадық. Президент «Көрпеңе қарай көсілу керек» дей отырып, ел экономикасындағы қиыншылықтар мен одан шығудың жолдарын ұсына отырып, салық төңірегінде, инвестиция, кәсіп бастау, мемлекеттік сатып алудың жаңа жүйелері, мемлекеттік қаржының талан-таражға салынбауы, т.б. келелі мәселелерге қатысты нақты тапсырмалар берді.
«Ұлттық табыстың игілігін жұрттың бәрі бірдей көріп отырған жоқ, ұлт мүддесі үшін біріге отырып, әділетті қоғам құруда бірлесе жұмыс жүргізу керек» деген Президентті біз әрдайым қолдаймыз!