08/09/2024  Жексенбі
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  8(7282) 41-80-20
ҚР, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, ҚАРАТАЛ ЫҚШАМ АУДАНЫ, 36Б

2024 жылғы 1 наурызда Тіл сарайына І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті «6В01701/7М01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті» (бакалавриат, магистратура) білім беру бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеуден өткізетін ARQA агенттігінің сыртқы бағалау эксперттік тобы келді.

Эксперттік топ құрамында А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті Филология және практикалық лингвистика кафедрасының қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы, педагогика ғылымдарының кандидаты Берденова Сәуле Жалғасқызы,
«Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ «№4 орта мектеп» КММ директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Абишева Орынбала Болатовна бар.

Жетісу облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшысы Ж.Жолдыбаев делегаттарға Тіл сарайын, облыстық орталық жұмысын, әдістемелік құралдарын таныстырып, оқыту кабинеттерін көрсетті.

05 6 05 6 05 6 05 6

Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев
Мекеме басшысы