2024 жылдың 21 ақпан күні Кербұлақ аудандық «Тіл» оқу-әдістемелік филиалының ұйымдастыруымен «Ана тілім - айбыным» атты тақырыбында танымдық сабақ өтті. Мақсаты — тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
Танымдық сабақ барысында оқытушы Ж.Қуаныш ана тілі туралы толық тыңдаушылармен қызықты мәліметтермен бөлісті. Тыңдаушылар өздеріне қойылған сұрақтарға ұтымды жауап беріп, 2 топқа бөлініп тапсырмаларды қызығушылықпен орындап шықты. Сабақ соңында ақын-жазушылардың тіл туралы айтқан қанатты сөздерін талқылады.