27/07/2024  Сенбі
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  8(7282) 41-80-20
ҚР, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, ҚАРАТАЛ ЫҚШАМ АУДАНЫ, 36Б

Наурыз айының 19 күні Текелі қалалық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығында  «Бақ-берекем, құт - мерекем – Әз Наурыз!» атты танымдық сабақ болып өтті.

Сабақтың мақсаты: тыңдаушыларға Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт – дәстүрін, ұлттық дүниетанымын, ұлттық киімін,  тағамын, ойындарын насихаттап көрсету.

Наурыз – жаңа күн, Жыл басы, Ұлыстың ұлы күні, халыққа молшылық тілеу, өкпе назды ұмыту. Наурыз қазақ тіліне тікелей аударғанда «Жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Жаңа жылды қарсы алу – күн мен түннің теңелу күніне сәйкес келеді. Наурыз – табиғаттың жаңғыруының, малдың төлдеп, ақтың молаюының белгісі. Қазақ халқы бұл күнді жаңа, таза киімдерін киіп, салт-дәстүр бойынша тазару, жаңару күні деп қарсы алған.

Сабақта тыңдаушыларға наурыз туралы түсінік беріліп, қазақ халқының салт-дәтүрлері, әдет-ғұрыптары слайд арқылы таныстырылды.Ұлттық ойындардың түрлері көрсетіліп, наурыз туралы сұрақтар қойылды. Іс-шараға қатысушыларНаурызға байланысты  жаттаған өлеңдерін оқыды. Наурыз көже туралы мәлімет алып, оған азық-түліктің қандай түрлері қосылатыны туралы мағұлмат алды. А2 тобының тыңдаушысы Светлана Игнатенко қазақтың ұлттық оюы «Қошқар мүйізді» ойып өз өнерін паш етті. Сабақ барысында тыңдаушылар қазақ халқының ұлттық тағамдары туралы айтты.

Сонымен қатар ағылшын тілі бойынша «Welcome, Nauryz!» челленджі ұйымдастырылып, құттықтау сөз айтылды.

Сабақтың аяғында тыңдаушыларға наурыз көже ұсынылды.

https://www.instagram.com/reel/C4sms5DicHa/?igsh=MXFpc3l2cWh4dmxmdQ==

Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев
Мекеме басшысы