27/07/2024  Сенбі
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  8(7282) 41-80-20
ҚР, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, ҚАРАТАЛ ЫҚШАМ АУДАНЫ, 36Б

Жыл басы Наурызбен бірге ызғарлы қыстың орнын шуақты көктем басып, тіршілік қайта түлейді. Бұл күні адамдар бұлақ көзін ашып, тал еккен, жоқ-жітікке жәрдемдескен. Алыс кеткен ағайын қауышқан, араз жандар татуласып, қайта табысқан күн. Сол себептіде қазақ халқы Наурыз мерекесін ерекше атап өтеді. 

Биылғы наурыз мерекесіне орай  Алакөл «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 19 наурыз күні З.Қойшыбаева атындағы мәдениет үйінде «Наурыз - думан» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

Шара мақсаты Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттай отырып, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру болды.

Шараға «40398 әскери бөлімінің» В2 жоғары деңгейінің тыңдаушылары мен З.Қойшыбаева атындағы мәдениет үйінің қызметкерлері қатысты.

Шара барысында қазақтың «Беташар» дәстүрі орындалып, ән мен күйден шашу шашылды.

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын!

https://www.instagram.com/reel/C4sjSENC86H/?igsh=MW40cDgwNm10MTg4dg==

Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев
Мекеме басшысы