Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  8(7282) 41-80-20
ҚР, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, ҚАРАТАЛ ЫҚШАМ АУДАНЫ, 36Б

Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Ескелді аудандық филиалының мемлекеттік тіл курсының тыңдаушыларының қатысуымен «Шаңырақ жарастығы» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді.

Мақсаты: Наурыз мерекесі қарсаңында тыңдаушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлап салт-дәстүрімізді дәріптеу. Тыңдаушылардың  есте сақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тарту.

Сабақ барысында психологиялық минут «Жылы сөз» жаттығуы арқылы тыңдаушыларды сабаққа дайындық сәті жүргізілді, тыңдаушылар бір-біріне сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді. Отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Шаңырақ» тренингі бойынша сұрау-жауап берілді. Келесі кезекте мақал-мәтелдерді жалғастыру арқылы отбасындағы қасиетті ұғымдарды қазақ халқы нақыл сөздермен жеткізгендігі туралы айтылды. Шығармашылық жұмыста «Отбасы құндылықтары ағашы» кластерін толтырды. Отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында бейнежазба көрсетіліп, тыңдаушылар мәтінмен жұмыс жасап, кесте толтырды. Тыңдаушылар сабаққа белсене қатысып, сабақ өз деңгейінде өтті.

https://www.instagram.com/reel/C4mwcjKiy0v/?igsh=MTRkem1nMzFhNncy

Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев
Мекеме басшысы