08/09/2024  Жексенбі
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  8(7282) 41-80-20
ҚР, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, ҚАРАТАЛ ЫҚШАМ АУДАНЫ, 36Б

Іс-шараның екінші күнінде Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Көксу аудандық филиалының меңгерушісі О.К.Қойчибеков тілдерді оқыту платформасының тілді үйретудегі тиімділігі, сабақ барысында қолданылатын әдістерімен бөліссе, мемлекеттік тіл курсының оқытушысы М.Т. Әділбек әріптестеріне қазақ тілін оқытуда цифрлық платформаларды ұтымды пайдалану жолдарын көрсетті.
Ж.М.Андасбек Жамбыл облысы тілдерді оқыту орталығының оқытушысы «Әлеуметтік желілер және біз», Г.Ғ. Сембиева Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының оқу-әдістемелік бөлімінің басшысы әлеуметтік - тұрмыстық қатынастағы тілдесудің ерекшеліктері мен маңызы және қолданысы жайлы толығынан тоқталып, жаңа әдістермен сабақ көрсетті.
Іс-шараның қорытынды бөлімінде қатысушылар алған әсерлерімен ой өрбітіп, ризашылықтарын білдіріп, Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы басшысының алғысхатымен марапатталды. Ашық есік күнінің соңы табиғат аясындағы тренингпен аяқталды.

1 1 1

Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев
Мекеме басшысы