А2 – базалық және В1 – орта деңгей тыңдаушыл арына куәлік табысталды.
Оқытушы: М.Әділбек.
Жетісу облысы "Тіл" оқу-әдістемелік орталығының мемлекеттік тілді оқыту курсы, А1 деңгейінің тыңдаушылары емтихан тапсырды.
Оқытушы М.Маралбаева.
Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Текелі қалалық филиалы мемлекеттік тіл курсының А2— Базалық деңгейінің тыңдаушылары емтихан тапсыруда.
2024 жылы 18 желтоқсанда ағылшын тілі курсының А1 (beginner) және А2 (elementary) деңгей тыңдаушылары қорытынды емтихан тапсырды.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Farabi University, 8 Türk Akademisi - Turkic Academy және Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Ш.Уәлиханов атындағы І дәрежелі сыйлықтың иегері, Түркияның Türk Dil Kurumu құрметті мүшесі, Башқұртстан Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі, Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының құрметті президенті, Ұлы Отан соғысының ардагері, филология ғылымдарының докторы, профессор, аса көрнекті түркітанушы-лингвист Әбдуәли Туғанбайұлы ҚАЙДАРДЫҢ туғанына 100 жыл толуына орай «Мәдениет – Өркениет – Жаһаният контексіндегі гуманитарлық ғылым: Тіл, Этнос, Қоғам» тақырыбында халықаралық конгресс өткізді.
Іс-шараны Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев ашты. ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Мемлекет басшысының құттықтауын оқыды. ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың құттықтау сөзін Сенат депутаты Дархан Қыдырәлі алып келді. Сондай-ақ ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің құттықтауын ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасы Гүлзат Көбенова жеткізді.
⚜️Конгресте академик Әбдуәли Туғанбайұлы ҚАЙДАРДЫҢ ғылыми мұрасынан бастау алатын қазақ тіл біліміндегі, филология және түркітанудағы ғылыми парадигмалар талқыланды.
⚜️Іс-шараға Жетісу облысы «Тіл» оқу—әдістемелік орталығының басшысы Ж. Жолдыбаев, бөлім меңгерушісі М. Қуандық, Ескелді аудандық филиалының меңгерушісі Ә. Молдабаева және мемлекеттік тіл курсы оқытушысы М. Әділбек қонақ ретінде қатысты.
⚜️Сондай-ақ, шетелдік және отандық ғалымдар, тілтанушылар, ЖОО оқытушылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшысы Ж. Жолдыбаев
ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың дамуы мен қалыптасуына қосқан үлесі үшін «Қазақстан Республикасы мәслихаттарына 30 жыл» төсбелгісімен марапатталды.
Жеңіс Хамитұлын шын жүректен алған марапатымен құттықтап, қызметіне шығармашылық табыс тілейміз!
Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Көксу аудандық филиалының меңгерушісі О. Қойчибеков Абай облысы лингвистикалық орталығының қызметкерлеріне «Zoom» арқылы «Тілдерді оқытуға арналған платформалар» тақырыбында онлайн шеберлік сағатын өткізіп, әдістемелік көмек көрсетті.
Жасанды интеллект, wepik, Chat-gpt сияқты көмекші құралдарды практика жүзінде пайдаланып, түрлі тапсырмалар дайындап, презентация жасап көрсетті.
Шеберлік сағатына Абай облысы лингвистикалық орталығының 10 оқытушы-әдіскерлері қатысты.