Мемлекеттік тіл мен жасанды интеллект – екі түрлі әлем. Бірақ ортақ мақсатқа қызмет етеді. Егер біз ЖИ-ді дұрыс бағыттасақ, қазақ тілі ғасырлардан жеткен мәң гілік жарығын жоғалтпайды, қайта жаңа заманның үніне айналады. Абайдың сөзімен айтсақ: «Адамның адамшылығы – тілін де». Жасанды интеллект – сол адамшылықтың жаңа көрінісі ғана. Ал оны ұлттық рухпен байытып, әдеби дәстүрмен толықтыру – біздің қолымызда. Тіліңді ЖИ-ге үйрет, та рихыңды сұрат, жырыңды жаздыр. Сонда қазақ тілі – өшпес ән, үзілмес дастан болып қала береді.
Халықтың мәңгілік рухын сақтайтын басты тірек – оның тілі. Тіл – ұлттың жаны, жүрегі, өткен тарихының шежіресі, болашаққа барар жолындағы бағыт бағдары. Бұл – жай ғана афоризм емес, мыңжылдықтардан бері дәлелденіп келе жатқан шындық. Қай халықтың болмасын елдігін, егемендігін танытатын ең бірінші белгісі – ана тілі. Сондықтан тілге де ген құрмет – елге деген құрмет екені еш шүбәсіз. Біздің еліміз үшін бұл ұғым аса терең мәнге ие. Себебі қазақ тілі ғасырлар бойы отарлық езгінің көлеңкесінде қалып, ұлттық сана мен рухани болмысқа төнген қауіппен қатар дамыды. Тек 1990 жылдың 25 қазанында Қазақ КСР-інің егемендігі ту ралы Декларация қабылданғаннан кейін ғана тіл мәселесі жаңа арнаға бет бұрды. Бұл күн – Республика күні – еліміздің тәуелсіздікке бет алған алғашқы тарихи қадамы, мемлекеттік тілдің мәртебесін айқындаған кезең
ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ ДИКТАНТ өткізілді
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025 жылғы 5 қыркүйекте ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс келген Қазақстан халқының тілдері мерекесі аясында, «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен «Ұлттық диктант» жобасының басталғанын хабарлаған болатын.
Осыған орай бүгін, 15 қазан күні, Талдықорған қаласы бойынша 110 адам «Ұлттық диктант» жазуға қатысты. Олардың қатарында Полиция департаменті мен Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ басқа да мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері бар.
Бұл шара Жетісу облысы бойынша 13–18 қазан аралығында өткізілуде. Ұйымдастырушы – Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы. Жалпы облыс көлемінде аталған акцияға шамамен 1500 адамды қамту жоспарланып отыр. Қазіргі таңда облыстың барлық аудан және қала мекемелерінде «Ұлттық диктант» жазу жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда.
Семинардың мақсаты: Жасанды интеллекттің білім беру жүйесіндегі рөлін айқындау, тіл үйрену үдерісінде цифрлық технологиялар мен AI құралдарының мүмкіндіктерін көрсету, озық тәжірибелерді бөлісу және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Семинар жұмысына Жетісу облысы бойынша жалпы білім беретін қазақ тілі мен әдебиеті пәні ұстаздары, тіл орталығның мамандары, БАҚ өкілдері қатысты. Мекеме басшысы Ж. Жолдыбаев кіріспе сөз сөйлеп, Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының бөлім басшысы Олжас Кенжебекұлы Қойчибеков, «Отандық ЖИ үлгілері» тақырыбымен елімізде құралған жасанды интеллект түрлерімен таныстырды.
Одан ары практикалық бөлімде Жетісу облысы Кербұлақ ауданы «Жоламан орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А. Қожахметова және Алматы облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Еңбекшіқазақ аудандық филиалының оқытушысы Д. Утепберген арнайы шақырылып, өз тәжірибелерін бөлісті.
Қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Акцияның мақсаты — мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, тұрғындардың мемлекеттік тілде еркін қарым-қатынас жасауына қолдау көрсету және қоғамда тіл мәдениетін қалыптастыру.
Акция аясында Талдықорған қаласының бірқатар әлеуметтік нысандарында тіл мәдениетін қолдауға бағытталған жұмыстар атқарылды. Қаланың дүкендері, дәмханалары, дәріханалары мен емханаларына қазақ және орыс тілдеріндегі брошюралар мен тілашарлар таратылды.
Жақында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауын жариялап, ел дамуы үшін стратегиялық маңызы бар бірқатар бастамаларды ұсынды. Жолдауда саяси реформалар, цифрландыру мен жасанды интеллектті дамыту, экономиканы әртараптандыру, әлеуметтік мәселелерді шешу сынды бағыттар кеңінен қамтылды.
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының Текелі қалалық филиалында «Тілім барда тірімін мен, мәңгімін» тақырыбында танымдық сабақ өтті.
Көп тіл білгеннің көкжиегі кеңейеді. Шынында да, тіл – тек қа рым-қатынас құралы ғана емес, ол – мәдениетке, ғылымға, өрке ниетке апарар алтын көпір. Шығыс ғалымы әл-Фараби бабамыз шамамен 70 тіл білген. Британдық ғалым-лингвист, тарихшы Дональд Кенрик 30 тілде еркін сөйлеген. Сенесіз бе, Эстония елінің ғалым-лингвисі, полиглот Пент Нурмекунд 80 тіл білген екен.
Қарағанды қаласында өткен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқауда БАС ЖҮЛДЕНІ жеңіп алған Жетісу Тіл оқу-әдістемелік орталығының мемлекеттік тіл оқытушысы Маржан Талғатқызын шын жүректен құттықтаймыз!
Он сегіз әулиеге құтты қоныс болған Қаратал ауданында 40-тан астам ұлт пен ұлыс тұрады. Берекесі ұйысқан, ынтымағы артқан қасиетті өңірді мекендеген өзге этнос өкілдері арасында қазақшаға судай, дәстүрді қастерлеген жандар жетіп артылады. Солардың бірі – ата салтты ұстанып, мемлекеттік тілді еркін меңгерген Ирина ЦОЙ. Ұлты корей болса да кейіпкеріміз «тілге құрмет – елге құрмет» деп біледі.