Сіздерді тегін қазақ тілі (B2 деңгейі) және іс жүргізу курстарына қатысуға шақырамыз!
Курс барысында сіз:
Қазақ тілін B2 ортадан жоғары деңгейде меңгересіз;
Ресми құжаттарды сауатты толтыруды үйренесіз;
Іс жүргізу талаптарымен танысасыз;
Тәжірибелі мамандардан кеңес аласыз.
Басталу күні: 1 сәуір, 2025 жыл
Өтетін орны: Талдықорған қаласы, Тіл сарайы, Қаратал 36 Б.
Тіркелу: 8 (7282) 41-80- 20, 8 708 826 59 50,
Курсқа 18 жастан асқан кез келген азамат қатыса алады.
Орындар шектеулі! Тіркелуге асығыңыз!
Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының аудандық және қалалық филиалдарында Наурызнаманың 10 күндігі аясында 13 іс-шара өтті. Оның ішінде: 1 қайырымдылық акциясы, 3 тазалық акциясы, 3 бейнеролик, 6 танымдық сабақ.
Жер-ана жасарып, тұмса табиғат бусанып, Ақтың молаятын, Жарықтың ұзаратын, Нұрдың молығатын, Тіршіліктің жаңаратын, Өмірдің жаңғыратын, Пейілдің түзелетін, Көңілдің кеңитін кезеңі - Әз Наурыз мейрамы құтты болсын!
Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшысы Ж. Жолдыбаев және Ескелді аудандық филиалының меңгерушісі Ә. Молдабаева 17 наурызда Астана қаласындағы Ш. Шаяхметов атындағы ұлттық ғылыми-практикалық орталығына жұмыс сапарымен барып қайтты.
Іссапар барысында орталықтың өнім шығару жұмыстары бойынша ақылдасып, іс-тәжірибе алмасты.
Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы ұжымы 1-31 наурыз аралығында ұлттық киім киіп жүреді.
Ұлттық киім — ұлт мәдениетінің жарқын көрінісі және қазақ халқының мәдени мұрасының бір бөлігі. Сұлулық пен сән, ұлылық пен ұлттық рух, ұлттық киімінен табылады.
Қазақ салт дәстүрді жалғастырып, өзіміздің ұлттыққ құндылықтарымызды дәріптейік!
22 наурыз — Ұлыстың ұлы күні, Наурыз мерекесіне орай Жетісу облысының аудандық және қалалық филиалдарында өтетін іс-шаралар жоспары.
Орталық қызметкерлерінен құрылған креативті топ өнім шығару бойынша шығармашылық жұмыстарын жалғастыруда. 5 наурызда аталған топ мүшелерінің отырысы өтті.
Отырыс барысында мекеме басшысы
Ж. Жолдыбаев атқарылған жұмыс бойынша есептерін тыңдап, оқу құралын
11 наурызға дейін жинақтап, жүйелеуге тапсырма берді.
Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен аудандық және қалалық филиалдарда 1 наурыз — Алғыс айту күніне орай өтетін іс-шаралар жоспары.
Тіл дегеніміз – әрбір адамның жаны, тәні, бар болмыс - бітімі. Сол себепті өз ана тіліміздің мәртебесі биік, мерейі үстем болуы үшін бір адамдай жұмылып, өз байлығымызды асқақтатуға күш салуымыз керек. ⠀ Біздің асыл қазынамыз, сөз жеткісіз жауһар құндылығымыз ол – тіліміз
Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшысы Ж. Жолдыбаев оқыту курсын қадағалау, жұмыс барысын бақылау мақсатында Панфилов аудандық филиалына іс сапарымен барды.
Іссапар барысында Панфилов ауданындағы ҚР ҰҚК ШҚ Жетісу облысы бойынша департаменті «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасындағы
тілге жауапты мамандармен, подполковниктермен қазақ және ағылшын тілінде өтетін сабақтар туралы пікір алмасты.
ҚР ҰҚК ШҚ Жетісу облысы бойынша департаменті «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасындағы подполковник Рабылкин Глеб Валерьевич және подполковник Смагулов Думан Монтаевич мемлекеттік тіл курсына көңілі толатындықтарын, қазақ тілін білу — әр азаматтың парызы екендігін тілге тиек етті.