08/09/2024  Жексенбі
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  8(7282) 41-80-20
ҚР, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, ҚАРАТАЛ ЫҚШАМ АУДАНЫ, 36Б

Қостанай облысы әкімдігі  мәдениет басқармасының «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы» КММ-сі 2024 жылдың 27-28 маусым аралығында Шайсұлтан Шаяхметовтың 85 жылдығына орай оқытушылардың кәсіби шеберліктерін  дамыту мақсатында «Тіл-халық рухы» атты республикалық ашық есік күнін өткізуде.

Аталған шараға  Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми практикалық орталығы,  Жетісу облысының «Тіл» оқу әдістемелік орталығы, Жамбыл, Қызылорда және өз өңіріміздің тілдерді оқыту орталықтарының басшылары мен мамандары,  оқытушылары қатысты.

Бағдарламаға сәйкес орталық басшысы Т.Ә.Айтмағамбетова орталықтың атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырып, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының медиа-сарапшысы, журналист Ж. Жұмаділұлы   «Мемлекетшіл тұлғаның болмысы» Ш.Шаяхметовтың ағартушылық өмірінің тың деректерімен бөлісті. Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшысы Ж.Х.Жолдыбаев «Орталық жұмысын жүйелендіру» тақырыбында баяндама жасап, тілдерді оқыту жүйесін оңтайландыру туралы тәжірибесімен бөлісті.

Шараның екінші бөлімінде Рудный қалалық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Л.А. Кульбаева, «Тілдарын»  облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Б.Т.Ахметжанова шеберлік сабақ көрсетіп, өзара тәжірибе алмасты.   

Екінші күні орталығымыздың мамандары О. Қойчибеков және М. Әділбек шеберлік сабағын көрсетеді.

1 1 1

Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев
Мекеме басшысы