Көп тіл білгеннің көкжиегі кеңейеді. Шынында да, тіл – тек қа рым-қатынас құралы ғана емес, ол – мәдениетке, ғылымға, өрке ниетке апарар алтын көпір. Шығыс ғалымы әл-Фараби бабамыз шамамен 70 тіл білген. Британдық ғалым-лингвист, тарихшы Дональд Кенрик 30 тілде еркін сөйлеген. Сенесіз бе, Эстония елінің ғалым-лингвисі, полиглот Пент Нурмекунд 80 тіл білген екен.