27/07/2024  Сенбі
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  8(7282) 41-80-20
ҚР, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, ҚАРАТАЛ ЫҚШАМ АУДАНЫ, 36Б

Ескелді аудандық филиалы

Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Ескелді аудандық филиалының мемлекеттік тіл курсының тыңдаушыларымен «Берекелі, мерекелі Әз Наурыз!» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді.

Мақсаты: Тыңдаушыларға  ұлттық мереке-жыл басы Наурызды халқымыз қалай қарсы алғандығын көрсетіп, насихаттау. Наурыз  мерекесі жөніндегі білген, түйгенін одан әрі толықтыру; Ұлттық салт-дәстүрлеріміздің ұмытылмай, жаңарып келгенін атап өту, салт-дәстүрімізді құрметтеуге баулу.

Мерекелік іс-шара көктемнің келгенін білдіретін әуенмен басталып, шағын ауыл адамдары көктемді қарсы алып, көрші ауылдан келген меймандарды күтіп отырады. Сүйінші сұраған бала үйге жүгіре кіріп, әжеден сүйіншіге бір уыс құрт алып, риза болып жүгіріп кетеді. Құттықтап келген ағайын-бауырлар өзара шүйіркелесіп, жастар жағы ән салып, би билеп наурыз думан кешін өткізеді. Дастархан басында келген қонақ жәй келмегенін көрші ауылдың қызын айттырып келгенін білдіреді.

Мерекелік іс-шарада «Селт еткізер», «Ұрын келу» салт-дәстүрлері көрсетіледі. Сонымен қатар, бозбалалар «Аударыспақ», «Асық ату» сынды ұлттық ойындарын ойнап, шеберліктерін көрсетті. Наурыз мерекесін тыңдаушылар арасында дәріптеу мақсатында өткізілген мерекелік іс-шара өз мақсатына жетті.

https://www.instagram.com/reel/C4rsUqRCiE0/?igsh=MTVyN2lxem80cmU1Yw==

20 4 20 4

Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев
Мекеме басшысы