2024 жылғы 11 сәуірде Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы облыстық «Үздік оқытушы – 2024» облыстық байқауы өтті. Үздік оқытушылар додасы 3 кезеңнен тұрды.
Алғашқы кезеңінде қатысушылар тілді оқытуда пайдаланатын заманауи технологияларымен таныстырды. Екінші кезеңде әдістеме бойынша сұрақтарға жауап берсе, үшінші кезеңде үміткерлер В2 - орта деңгей тыңдаушыларынан құралған топпен сынама сабақ өткізді.
Сайысқа Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының аудандық және қалалық филиалдарынан 10 үміткер бақ сынады.
Байқауға қоғамдық даму басқармасы тіл бөлімінің басшысы Т. Рахымберлина, №22 орта мектептің мұғалімі Г. Ақбакирова және «Үздік оқытушы -2023» республикалық байқауының бас жүлде иегері Ж. Елесебаева төрелік етті.
Байқаудың шымылдығын мекеме басшысы Ж. Жолдыбаев кіріспе сөзімен ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Байқау қорытындысы бойынша:
Бас жүлдені – М. Әділбек (Талдықорған), І орынды Олжас Қойчибеков (Көксу ауданы), ІІ орынды Назым Тілеуберген (Ақсу ауданы), ІІІ орынды Меруерт Маралбаева (Талдықорған) иеленді. Қалған 6 қатысушыға ынталандыру жүлдесі берілді.
Шара соңында мекеме басшысы құттықтау сөз сөйлеп, қазақ тілі оқытушыларының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Үздік оқытушы-2024» облыстық байқауының бас жүлдесін иеленген М. Әділбекке жолдама және ақшалай сертификат табыстады.
Биыл аталмыш байқау қыркүйек айына жоспарланып отыр. 2023 жылы байқауға Жетісу облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының оқытушысы Ж. Елесбаева қатысып, І орынды қанжығалаған еді.
















