18/10/2025  Сенбі
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  8(7282) 41-80-20
ҚР, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, ҚАРАТАЛ ЫҚШАМ АУДАНЫ, 36Б

ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ ДИКТАНТ өткізілді
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025 жылғы 5 қыркүйекте ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс келген Қазақстан халқының тілдері мерекесі аясында, «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен «Ұлттық диктант» жобасының басталғанын хабарлаған болатын.
Осыған орай бүгін, 15 қазан күні, Талдықорған қаласы бойынша 110 адам «Ұлттық диктант» жазуға қатысты. Олардың қатарында Полиция департаменті мен Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ басқа да мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері бар.
Бұл шара Жетісу облысы бойынша 13–18 қазан аралығында өткізілуде. Ұйымдастырушы – Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы. Жалпы облыс көлемінде аталған акцияға шамамен 1500 адамды қамту жоспарланып отыр. Қазіргі таңда облыстың барлық аудан және қала мекемелерінде «Ұлттық диктант» жазу жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда.

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1

Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев
Мекеме басшысы