Жақында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауын жариялап, ел дамуы үшін стратегиялық маңызы бар бірқатар бастамаларды ұсынды. Жолдауда саяси реформалар, цифрландыру мен жасанды интеллектті дамыту, экономиканы әртараптандыру, әлеуметтік мәселелерді шешу сынды бағыттар кеңінен қамтылды.