Акцияның мақсаты — мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, тұрғындардың мемлекеттік тілде еркін қарым-қатынас жасауына қолдау көрсету және қоғамда тіл мәдениетін қалыптастыру.
Акция аясында Талдықорған қаласының бірқатар әлеуметтік нысандарында тіл мәдениетін қолдауға бағытталған жұмыстар атқарылды. Қаланың дүкендері, дәмханалары, дәріханалары мен емханаларына қазақ және орыс тілдеріндегі брошюралар мен тілашарлар таратылды.