Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  8(7282) 41-80-20
ҚР, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, ҚАРАТАЛ ЫҚШАМ АУДАНЫ, 36Б

22  қараша күні Тіл сарайында Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшысы Ж.Жолдыбаевтың төрағалық етуімен және «Оқыту орталықтарының жұмыстарын жүйелендіру» атты облыстық байқау қорытындысы және жылдың қорытындысы өтті.

Жиын барысында мекеме басшысы жыл көлемінде атқарылған жұмыстар мен жеткен жетістіктерге тоқталып, 2023 жылы өткен іс-шаралар жоспарымен таныстырды.

Аудандық, қалалық филиалдардың меңгерушілері қатысқан  жиында жыл бойы озық тәжірибесімен, тілдерді оқытудағы замана әдіс-тәсілдерімен көзге түсіп, тіл саясатын жүзеге асыру жолында аянбай еңбек еткен тіл оқыту орталықтары марапатталды.

Байқаудың қорытындысы бойынша «Үздік ұжым» номинациясы бойынша Алакөл аудандық филиалы үздіктер қатарынан табылды.   «Үздік меңгеруші» номинациясына Панфилов аудандық филиалының меңгерушісі Аслан Қалибеков  лайық деп танылды.

 

{gallery}2023/22.11{/gallery}

Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев
Мекеме басшысы