27/07/2024  Сенбі
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  8(7282) 41-80-20
ҚР, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, ҚАРАТАЛ ЫҚШАМ АУДАНЫ, 36Б

2023 жылдың 4 мамыр күні Қарағанды  қаласында «Тіл оқыту курстары:  заманауи технологиялар мен цифрлық оқу-әдістемелік  кешендер әзірлеу»  атты  тәжірибе  алмасу семинары басталды. Семинардың алғашқы  бөлігінде НОТАРИАТ саласына арналған  оқу-құралының  тұсаукесер рәсімі өтті.

Құттықтау сөзді Қарағанды облысының  тілдерді дамыту жөніндегі  басқарма басшысы  С. Әбеуова сөйледі.  Қарағанды  облысының тілдерді  оқыту орталығының директоры  А. Игенова нотариат саласына арналған  оқу құралының құрылымымен және мазмұнымен таныстырды.

Жетісу облысының «Тіл»  оқу әдістемелік  орталығының басшысы Ж. Жолдыбаев,  бөлім меңгерушілері А. Қанайбаева,  М. Қуандық,  Ескелді аудандық филиалының меңгерушісі  А. Нұрбек,  оқытушылар Ж.  Елесбаева,  С. Райсова тәжірибе алмасуға келді.

Сондай-ақ,  Жамбыл,  Көкшетау,  Қостанай,  Қарағанды облыстық ресурстық орталығы, Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығы басшылары мен оқытушылары, әдіскерлері,  Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқарма қызметкерлері қатысты. Жетісу, Қарағанды,  Көкшетау, Қостанай, Жамбыл облыстық тілдерді оқыту орталығының басшылары, оқытушылары мен әдіскерлері қатысқан семинар 2 күнге созылды.

Екінші  күні Қарағанды облысының  тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Боранғазы Фариза Ерланқызы «Алтын сақа»  танымдық-бекіту сабағын өткізсе,  аталмыш орталықтың ағылшын  тілі әдіскері Мусагулова Айсұлу  Елубайқызы «Travelling»  тақырыбында саяхат сабақ үлгісін көрсетті. Қарағанды облысының  ресурстық тіл орталығының директоры орталықтың  жұмысын,  Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығының әдіскері Ағымбаева Мунира Шайхсламқызы «Қарағанды  облысының  тілдерді оқыту орталығының жұмысымен, электронды  базасымен таныстырды.

Семинар соңында әр өңірдің тілдерді оқыту орталықтарының басшылары  тіл саласындағы  өзекті мәселелерді  қозғап, өзара пікір алмасты. Оқытушылар  ашық сабақтарға  талдау жасады.

Мекеме басшысы Ж. Жолдыбаев Қарағанды облысының  тілдерді оқыту орталығының басшысы А. Игеноваға кітап  сыйға тартты.

 

Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев
Мекеме басшысы