Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  8(7282) 41-80-20
ҚР, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, ҚАРАТАЛ ЫҚШАМ АУДАНЫ, 36Б

Жалпы 2023 жылға қабылданған тыңдаушылар саны – 4301 (I жартыжылдықта қабылданған тыңдаушылар саны - 1617, II жартыжылдықта қабылданған тыңдаушылар саны – 1351, «Қазақша сөйлейік» клубы - 1333), топ саны – 289. Оның ішінде 499 мемлекеттік, 2369 бюджеттік сала қызметкерлері,     1433 жеке тұлға. Ұлттық құрамы: 2395-і қазақ, 1906-ы этнос өкілдері (44%).

Мемлекеттік тілді оқыту курсына қабылданған тыңдаушылар саны – 2267, топ саны - 168, оның ішінде 281 мемлекеттік, 1338 бюджеттік сала қызметкерлері, 648 жеке тұлға. Ұлттық құрамы: 1225-і қазақ, 1042-і этнос өкілдері (46 %).

Орыс тілі курсына (орыс тілін оқыту курсы тек I  жартыжылдықта ғана жүргізілді) 26 тыңдаушы қабылданды (Кербұлақ ауданы). Топ саны - 2, бюджеттік сала қызметкерлері 14, жеке тұлға 12. Ұлттық құрамы бойынша барлығы қазақ.

Ағылшын тілі курсына 675 тыңдаушы қабылданды. Топ саны - 52, оның ішінде 122 мемлекеттік, 298 бюджеттік сала қызметкерлері, 255 жеке тұлға. Ұлттық құрамы: 620-ы қазақ, 55-і этнос өкілдері (8 %).

Сонымен қатар Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы және оның аудандық, қалалық филиалдарында азаматтардың мемлекеттік тілді жеңіл әрі грамматикасыз үйрету мақсатында «Қазақша сөйлейік» клубы құрылған. Клуб жұмысының негізгі мақсаты өңірдегі этнос өкілдеріне қысқа мерзімде (1,5 ай) қазақ тілін үйрету. 2023 жылы 34 топ жинақталып, мүшелікке 1333 тыңдаушы қазақ тілін үйренді (2022 жылы 392 тыңдаушы).

Мемлекеттік тіл курсынан 1323 тыңдаушыға сертификат, 827 тыңдаушыға куәлік табысталды, 117 тыңдаушыға анықтама берілді. Ағылшын тілі курсынан 317 тыңдаушыға сертификат, 246 тыңдаушыға куәлік табысталды, 112 тыңдаушыға анықтама берілді. Орыс тілі курсынан 26 тыңдаушыға куәлік табысталды.

Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев
Мекеме басшысы