08/09/2024  Жексенбі
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  8(7282) 41-80-20
ҚР, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, ҚАРАТАЛ ЫҚШАМ АУДАНЫ, 36Б

«Ең әдемі киім – ұлтыңның киімі», - деген ұлы адамдар. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі де, үлгісі де еш халықтан кем болған жоқ. Оның көркем үлгілері әлемнің этнографиялық мұражайлары мен көрмелерінен орын алған.

16 наурыз күні Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Сарқан аудандық филиалында  мемлекеттік тіл курсының  В1 орта деңгей   және ағылшын тілі курсы тыңдаушыларымен ұлттық киімді насихаттау және Наурыз мерекесін дәріптеу мақсатында «Наурыз-думан» атты танымдық сабақ өткізілді.

Мұғалімдер мен пошта қызметкерлері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлерден тұратын тыңдаушыларымыз сабақ барысында өлеңдер оқып, ұлттық киім туралы таным көкжиектерін кеңейтіп, көктемнің айрықша мейрамы жайында білгендерімен бөлісті. Танымдық сабақ соңы тыңдаушылардың жүректен шыққан мерекелік құттықтауымен аяқталды.

https://www.instagram.com/reel/C4pJXLpC_MZ/?igsh=bG5oOHhlMWp1MzRo

Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев
Мекеме басшысы