27/07/2024  Сенбі
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  8(7282) 41-80-20
ҚР, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, ҚАРАТАЛ ЫҚШАМ АУДАНЫ, 36Б

06.09.22 1

5 қыркүйек — ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы және Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі.

Мереке күні Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының бірқатар қызметкерлері алғыс хаттармен және Құрмет грамотасымен марапатталды.

Айта кететін болсақ, Кеген аудандық филиалының оқытушысы Индира Ұзақ, Текелі қалалық филиалының оқытушысы Кәдірқан Құндыз, Балқаш аудандық филиалының меңгеруші м.у.а Толғанай Нұрахан, Ақсу аудандық филиалының меңгерушісі Торғын Шермұханова, Еңбекшіқазақ аудандық филиалының оқытушысы Айжан Сыздыкова және Іле аудандық филиалының оқытушысы Ляззат Манайбекова Алматы облысы «Тіл» оқу—әдістемелік орталығы басшысының алғыс хатымен марапатталды.

 Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы директорының алғыс хаты — Еңбекшіқазақ аудандық филиалының меңгерушісі Нұрсұлу Рахымбаеваға, Қарасай аудандық филиалының меңгерушісі Жанар Оразалиеваға және Қапшағай қалалық филиалының меңгерушісі Кулзира Әкімжановаға табысталды.

Сондай-ақ, облыстық орталықтың оқытушысы Жанар Елесбаева Жетісу облысы әкімінің орынбасары Рустам Алидің алғыс хатына ие болды.

Ал, облыстық орталық басшысы Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Барша әріптестерімізге бүгінгі алған марапаттарыңыз құтты болсын дей келе, тіл мәртебесін көтеру жолындағы қажырлы еңбегі еселене берсін демекпіз!

06.09.22 1

06.09.22 1

06.09.22 1

06.09.22 1

06.09.22 1

Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев
Мекеме басшысы