Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  8(7282) 41-80-20
ҚР, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, ҚАРАТАЛ ЫҚШАМ АУДАНЫ, 36Б

2023 жылдың 10 тамыз күні  Кербұлақ  аудандық филиалында Абай күніне орай іс жүргізу курсының тыңдаушыларына «Абайдың асыл сөздері » тақырыбында қазақтың дара ақыны, ғұлама, ойшыл, ағартушы Абай есімін ұлықтау мақсатында  танымдық сабақ өтті.

Танымдық сабақта тыңдаушыларға орталық меңгерушісі Ә. Қорғасбекова хакім Абайдың өмірі мен шығармашылығы, нақыл сөздері туралы , ақын өмірі жайлы келелі ой, тың мәліметтер берді. Сабақ барысында Абайдың ақындығы ,ойшылдығы, сазгерлігі және аудармашылығына қатысты сауалдар қойылып, тыңдаушылар өз пікірлерін жеке -жеке ортаға салып, туындыларын жатқа оқып, шараға белсенді қатысты.

15.08.23 9 15.08.23 9

Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев
Мекеме басшысы