08/09/2024  Жексенбі
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  8(7282) 41-80-20
ҚР, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, ҚАРАТАЛ ЫҚШАМ АУДАНЫ, 36Б

Бүгін, Тіл сарайы ғимаратында облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында тілді оқытудың базалық әдіснамасының негіздері мен әлемдік тәжірибелерді басшылыққа ала отырып, тілдерді оқытудың инновациялық тәсілдері мен тілдік білім беру әдістемесін жетілдіру мақсатында «Тіл үйретудің заманауи әдіс-тәсілдері» атты аймақтық іс-тәжірибе алмасу семинарына Жетісу, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстық тілдерді оқыту орталықтарының басшылары және оқытушылары қатысты.

2 күнге жоспарланған семинардың бүгін алғашқы күні. Семинардың ұйымдастырушысы әрі модераторы, мекеме басшысы Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев шараның мәні мен маңызын түсіндіре келе тіл үйретудегі өзекті мәселелерге тоқталды.

Кіріспе сөзді алған Жетісу облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Ермек Сүндетбайұлы Ақшабаев мемлекеттік тілдің қолданылу аясы, басқарманың және орталықтың атқарған жұмыстарын туралы баяндады.

Семинардың алғашқы бөлімінде Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Мұратқызы Фазылжан «Мемлекеттік тіл: бүгіні мен болашағы», Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығының басшысы Алмагүл Ақмашқызы  Игенова «Мемлекеттік тілді оқыту әдістемесі: оқу-әдістемелік кешен және цифрлық оқыту мүмкіндіктерін пайдалану» тақырыбында баяндама жасасаІс-шараға Жетісу облысы филиалының төрағасы Ә.Әрін, облыс әкімінің бас инспекторы Гүлбақыт Қасен, Жетісу университеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының тілші-ғалымдары қатысты.

Тіл білім институтының директоры Анар Фазылжан семианрға қатысушыларға Қазақ тілінің ұлттыө корпусын таныстырды. Корпус сайтында қазақ тілінің электронды мәтіндік қоры жинақталған. Корпустағы мәтін көлемі – 21 миллион. Осы сайт арқылы кез келген тіл үйретуші өзіне керегін тауып, тіл үйрету барысынжа сайттағы ақпараттарды тиімді пайдалана алады.

Семинар соңы пікір алмасуға ұласты. Семинардың бірінші бөлімін қорытындылаған түстен кейінгі бөлімінде Жетісу облысының оқытушысы
Ж. Елесбаева «Келбет», Қарағанды облыстық тіл орталығының оқытушысы Меруерт Бабашева «Сауда үйінде. Сізге қандай көмегім қажет?», Алматы облыстық тіл орталығының оқытушысы З. Жорабек «Сәлем – сөздің атасы» тақырыптары бойынша қарапайым деңгейге арналған сабақ үлгілерін әзірлеп, ашық сабақ өткізді.

Ашық сабақ барысында оқытушылар инновациялық технологиялардың түрлі әдіс-тәсілдерімен бөілісіп, өзара іс-тәжірибе алмасты.

Екінші күні аталған облыстан келген оқытушылар әдістемелік бағытта ашық сабақ үлгісін көрсетіп, өзара іс-тәжірибе алмасады.

Шараға Жетісу облысы әкімінің орынбасары Р.Али, ҚР Жазушылар одағы Алматы және Жетісу облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы, тілдерді оқыту орталықтарының  қызметкерлері, университет оқытушылары, Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының аудандық және қалалық филиалдарының оқытушылары мен меңгерушілері және БАҚ өкілдері қатысады деп жоспарланған.

IMG 0849 IMG 0995 IMG 1009 IMG 1030 IMG 1058 IMG 1090 IMG 1221 IMG 1247 IMG 1254 IMG 1262 IMG 1267 IMG 1276  DSC9660

Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев
Мекеме басшысы