08/09/2024  Жексенбі
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  8(7282) 41-80-20
ҚР, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, ҚАРАТАЛ ЫҚШАМ АУДАНЫ, 36Б

Бүгін Жетісу облысының «Тіл»  оқу-әдістемелік  орталығының ұйымдастыруымен ақиық ақын М. Мақатаевтың туған күніне және дауылпаз ақын Е. Жақыпбековтың туған күніне орай әдеби-танымдық кеш өтті.

Әдеби-танымдық кеш басталмай тұрып, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Е.Ақшабаев және «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшысы Ж.Жолдыбаев М.Мақатаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып,рухына тағзым етті.

Әдеби-танымдық кешке арнайы шақырылған қонақтар — ақын Ж.Оспанұлы, белгілі журналист Ж.Жанахметұлы және  дарынды актриса Ж.Мерсимова келіп, М.Мақатаевтың өлеңдерін оқып,  ақын Е.Жақыпбеков туралы естеліктерімен бөлісті.

Модератор — Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшысы Ж.Жолдыбаев  кеш қонақтарымен сүбелі сұхбат жүргізіп, қос ақынның поэзиясынан өлеңдер оқыды.  Сондай-ақ, Сүйінбай атындағы облыстық филармониясының әншілері Б.Мұсаев, Қ.Шаяхметова М.Мақатаевтың «Аягөз, қайда барасың?»,«Біздің елдің жігіттері» әндерін әуелете шырқап, кеш қонақтарын ән қанатында тербетті. Әдеби-танымдық кешке оқушылар арасында өткен қалалық «Мұқағали оқулары» байқауының бас жүлде иегері №15 орта мектептің оқушысы  М.Талғатбек, Жетісу университетінің  Димаш, Рауан және Мирас атты студенттері ақынның өлеңдерін нақышына келтіріп,мәнерлеп оқыды.

Әдеби-танымдық кешке зиялы қауым өкілдері,студенттер,мектеп оқушылары және тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

07.04.23 11 07.04.23 11 07.04.23 11 07.04.23 11 07.04.23 11 07.04.23 11 07.04.23 11 07.04.23 11

Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев
Мекеме басшысы