2023 жылғы 21 маусымда Тіл Сарайында «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Жетісу облысы бойынша филиалының төрағасы Қ. Жақсылық Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күніне орай жиын өткізді. Жиынға Жетісу облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқарма қызметшілері мен Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлері қатысты. Аталған шарада кәсіподақ жұмысына белсенді қатысып, жұмысқа жауапкершілікпен қарап, кәсібилігімен танылған қызметкерлер мадақталып, арнайы төс белгімен және құрмет грамоталарымен марапатталды.
«Еңбек адамы» төсбелгісімен Жетісу облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Е. Ақшабаев, Құрмет грамотасымен Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының бөлім меңгерушісі М. Қуандық және Тіл сарайының техникалық персонал қызметкерлері марапатталды.
















