Бүгін, Қазақстан Халқы тілдері күні қарсаңында Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшысы Ж. Жолдыбаев «Jetisy» радиосының «Дидар-ғайып» бағдарламасына қонақ болып қайтты. Сұхбат барысында мекеме басшысы тілдік мәселелер, мекеменің қызметі, жұмыс барысы туралы ақпарат берді.