Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  8(7282) 41-80-20
ҚР, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, ҚАРАТАЛ ЫҚШАМ АУДАНЫ, 36Б

Бала тәрбиесі – басты назарда. Жасы­рары жоқ, соңғы жылдары мектеп қабырғасындағы балалар­дың сапалы біліммен бірге саналы тәрбие алып, Отанын сүйетін, ор­тасын қадірлейтін, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болатын азамат болып өсуіне ықпал ететін игілікті жұмыс­тардың ақсап кеткені анық.

Осы орайда Жетісу об­лысы әкімінің бастамасымен «Ментор»  жобасы қолға алынған.  Бұл жо­ба­ның негізгі мақсаты – оқушылардың же­ке тұлға ретінде да­муын және оларды әлеу­мет­тендіруді менторлық сүйемелдеу арқылы өңірде бірыңғай тәрбие кеңіс­ті­гін қалып­тастыру.

Пилоттық жоба аясында мекеме басшысы Ж.Жолдыбаев Талдықорған қаласындағы дарынды балаларға арналған №20 мектеп-лицейінің оқушыларымен кездесіп қайтты.

Кездесу барысында Алаш қайраткері С.Сейфуллиннің өміріне,шығармашылығына, соқтықпалы, соқпақты жолына оқушылар шолу жасады.

Кештің құрметті қонағы — Ж.Жолдыбаев руханият, жастардың бойындағы қайсар рухты қалыптастыру туралы сөз қозғады. Сондай-ақ,«Тіл мәдениеті және тілдік норма» тақырыбында әңгіме өрбітіп, жастарды сауатты сөйлеуге, сауатты жазуға шақырды.

 Қ. Байсейітов атындағы саз колледжінің оқытушысы, дәстүрлі әнші Т.Серіков С.Сейфуллиннің «Біз жақта»,«Тау ішінде» әндерін орындады. «Әдеп-құқықтық жұмыс жөніндегі ментор» жобасының менеджері Ғалымжан Дәрібайұлы келген қонақтарға алғысын білдірді.

19 3 19 3 19 3

Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев
Мекеме басшысы