08/09/2024  Жексенбі
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  8(7282) 41-80-20
ҚР, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, ҚАРАТАЛ ЫҚШАМ АУДАНЫ, 36Б

2023 жылғы 15 маусымда Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл ұлт тірегі» атты  мемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос өкілдерінің арасында өтетін облыстық байқауы өтті.

Байқаудың басты мақсаты: мемлекеттік тілді дәріптеу, тыңдаушылардың ел мен жерді құрметтеуге тәрбиелеу, мақал-мәтелдерді түсініп, жеткізе білу және мемлекеттік тілде сауатты жаза білу қабілеттерін бағалап, бойларындағы жоғары әлеуметтік белсенділік пен шығармашылық әлеуетін дамыту.

Байқау 20 мен 50 жас аралығындағы мемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос өкілдері, яғни Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының және оның  аудан, қаладағы филиал тыңдаушылары арасында өтті. Байқауға жалпы 10 тыңдаушы, өзге этнос өкілі бақ сынасты.

Байқау кезеңдері:

  • I кезең - «Өзге емес, өзім айтамын өз жайымды».

Әр қатысушы өзін және ауданын таныстырды. Таныстыруда ауданның ерекшелігіне тоқталып, сол өңірдің қасиетін ашып бейнеролик түрінде көрсетті.

  • II кезең - «Сөз мәйегі – мақал-мәтел» атты сұрақ-жауап кезеңі. Отан, тіл және еңбек тақырыбында берілген мақал-мәтелдердің жалғасын тауып айтып, мағынасын түсіндірді.
  • III кезең - «Мемлекттік тіл ұлт тірегі» тақырыбында шығарма жазды.

Қатысушылардың біліміне, тапқырлығына әділ баға беріп, төрелік жасаған Жетісу облысының тілдерді дамыту басқармасының тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы – Е. Ғапу, «Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары – М. Омарова және Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының мемлекеттік тіл курсының оқытушысы –        Ж. Елесбаева.

Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдені Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының А1 деңгейінің тыңдаушысы А. Бондарева иеленді. Жүлделі I  орынды Панфилов аудандық филиалының тыңдаушысы А. Жигалкина, II орынды Ақсу аудандық филиалының тыңдаушысы              Н. Мухамедгариев, III орынды Қаратал аудандық филиалының тыңдаушысы Л. Даутова ие болды. Жеңімпаздар облыстық орталықтың дипломдарымен және арнайы ақшалай сый қорымен марапатталды.

Байқауды Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшысы Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев қатысушыларға сәттілік тілеумен ашты.

«Тіл білген – ел біледі» демекші, өзге этнос өкілдері қазақ тілін оқып, қазақы өмірге бейімделіп келеді. Бұл тіл мәртебесін көтеруге өз үлесін қосары анық.

Барша қатысушыларға алғыс білдіріп, жеңімпаздарды құттықтаймыз!

15.06.23 1 15.06.23 1 15.06.23 1 15.06.23 1 15.06.23 1 15.06.23 1 15.06.23 1 15.06.23 1 15.06.23 1 15.06.23 1 15.06.23 1 15.06.23 1 15.06.23 1 15.06.23 1 15.06.23 1 15.06.23 1 15.06.23 1 15.06.23 1 15.06.23 1 15.06.23 1 15.06.23 1 15.06.23 1

Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев
Мекеме басшысы