08/09/2024  Жексенбі
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  8(7282) 41-80-20
ҚР, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, ҚАРАТАЛ ЫҚШАМ АУДАНЫ, 36Б

2023 жылғы 27 маусымда Алакөл ауданы Үшарал қаласында Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік тілді оқытудың әдістемесін жетілдіру, озық тәжірибені зерделеу және қорыту, оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын тәжірибеге енгізу мақсатында Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тілді үйрету: әдіс, тәжірибе, шығармашалық» атты көшпелі семинар өтті.

Семинардың міндеті: мемлекеттің тілдің мәртебесін арттыру, аудиториясын кеңейту және насихаттау, жас мамандардың мемлекеттік тілді меңгеруін ынталандыру, талап етілуін арттыру, мемлекеттік тілді оқытудың жаңа, анағұрлым жетілдірілген, сапалы бағдарламаларын әзірлеумен және жасаумен кәсіби түрде айналысатын мамандарды ынталандыру.

Шараға Жетісу облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Туғанай Сламғалиқызы, Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы, Ақсу аудандық филиал қызметкерлері, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы әкімдігінің тілге жауапты мамандары, ауданның зиялы қауым өкілдері, аудандық мәдениет үйі, кітапхана қызметкерлері, ауданның ақын-жазушылары, аудандағы әскери бөлімшелердің тіл мамандары, БАҚ өкілдері қатысты.

Шара барысында өңірдің белгілі тіл жанашырлары мемлекеттік тілді дамыту, оның қолдану аясын одан әрі кеңейту және мәртебесін көтеру мәселесі бойынша, сонымен қатар мемлекеттік тілді үйретудегі әдіс, тәжірибемен бөлісті.

Сонымен қатар Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының оқытушысы, 2023 жылғы «Үздік оқытушы» байқауының жүлдегері Жанар Елесбаева шеберлік сабағын көрсетті.

29.06.23 1 29.06.23 1 29.06.23 1 29.06.23 1 29.06.23 1 29.06.23 1 29.06.23 1 29.06.23 1 29.06.23 1 29.06.23 1 29.06.23 1 29.06.23 1 29.06.23 1 29.06.23 1 29.06.23 1 29.06.23 1 29.06.23 1 29.06.23 1 29.06.23 1

Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев
Мекеме басшысы