Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  8(7282) 41-80-20
ҚР, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, ҚАРАТАЛ ЫҚШАМ АУДАНЫ, 36Б

2023 жылдың 3 қараша күні Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен мемлекеттік тілді оқытудың әдістемесін жетілдіру, оқытудың әдістері мен технологияларын тәжірибеге енгізу мақсатында «Оқтытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» тақырыбында көшпелі семинар өтті.

Семинардың ұйымдастырушысы әрі модераторы – облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшысы – Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев.

Шараның кіріспе сөзі — Жетісу облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы, тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Туғанай Сламғалиқызы Рахымберлинаға ұсынылды.

Шараның пленарлық бөлімінде І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің гумнитарлық ғылымдар жоғары мектебі деканы, философия докторы (PhD) Айна Маратқызы Абызова «Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» тақырыбында баяндама әзірлеп, тіл үйретудегі тиімді әдістерге шолу жасады.
Облыстық «Jetisu» газетінің бас редакторы, ҚР Мәдениет қайраткері Ж. Әміре, тіл – ұлттың күретамыры екендігін тілге тиек ете келе, Алаш қайраткерлерінің ұлт үшін, тіл үшін күрескендігін, сол күрестің әлі жалғасып келе жатқандығын айрықша атап өтті. Сөз соңында «Анамның тілі» әнін әуелете шырқап, жиналған қауымды тебірентті.

Текелі қалалық филиалының тіл үйренушісі, славян этнос орталығының төрағасы Нестеров Константин Михайлович өзінің тіл үйрену барысында кездескен қиындықтар мен қызықтарына тоқталып, тілді білу – барлық қазақстандықтардың парызы дей келе, этнос өкілдерін қазақ тілін үйренуге шақырды.
Шара соңы пікір алмасуға ұласты. Семинарға қатысқан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, тілші мамандар шара қонақтарына өз сауалдарын жолдады.
Мекеме басшысы Ж. Жолдыбаев: «Оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу, өзара іс-тәжірибе алмасу жұмыстары бүгінгі күннің басты талабы екендігін атап өтіп, мемлекеттік тіл мәселесі – күнтәртібімізден түспеуі керектігін айтты. Сондай-ақ, мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатындығын жеткізді.

07 29 07 29 07 29 07 29 07 29 07 29 07 29

Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев
Мекеме басшысы