27/07/2024  Сенбі
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  8(7282) 41-80-20
ҚР, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, ҚАРАТАЛ ЫҚШАМ АУДАНЫ, 36Б

Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен оқытушылардың кәсіби беделі мен қоғамдағы мәртебесін арттыру, әдістемелік шеберлігін анықтау, тәжірибесін сараптау арқылы ынталандыру, қолдау көрсету және марапаттау мақсатында ұйымдастырылып отырған «Тілді үйретудегі отандық әдістемелердің тәжірибесі»  тақырыбында оқытушылардың біліктілігін арттыру курсы өтті.

Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшысы
Ж. Жолдыбаев келген қонақтармен таныстырып, шараның мәні мен маңызына тоқталады.

Курстың алғашқы бөлімінде  Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл    білімі институтының директоры Анар Фазылжан Лингводидактикалық база негіздері ретіндегі жаңа  тілтанымдық құралдар мен жаңартпалар тақырыбындабаяндама жасап, лингводидактика, лингводидактикалық база, тілтанымдық жаңартпалар, тілтанымдық құралдар туралы түсінік берді.

Курстың екінші бөлімінде Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл  білімі институтының «Ахметтану» бөлімінің меңгерушісі -                              Құралай Бимолдақызы Күдеринова «Тіл үйренушіге қазақ тілінің дәстүрлі сөзсаптамын  үйретудің маңызы»,   «Қазақ тілі дәстүрлі сөзсаптамын меңгертудің тыңдаушы тілдік санасын  қалыптасырудағы рөлі» тақырыптары бойынша баяндама жасады.

 Біліктілікті арттыру курсына Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының аудандық және қалалық филиалдарынан 23 оқытушы қатысты. Курсқа қатысқан оқытушыларға мекеме басшысы Ж. Жолдыбаев сертификаттар табыстады.

 

1 1 1 2 1 3 1 4 1 5 1 6 1 7 1 8 1 9

Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев
Мекеме басшысы