22/10/2024  Сейсенбі
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  8(7282) 41-80-20
ҚР, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, ҚАРАТАЛ ЫҚШАМ АУДАНЫ, 36Б

18.10.2024 жылы ҚР ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті және Ақтөбе облысы әкімдігінің ұйыдастыруымен “Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту және оның қоғамдағы рөлін арттыру мәселесі” атты республикалық семинар өтті. 3D форматында интерактивті көрмемен таныстырудан басталған семинардың ресми бөлімінде мемлекеттің прокуратура, сот процесі, полиция қызметіндегі маңызы туралы мәселелер бойынша арнайы мамандар баяндама оқып, өзекті мәселелер талқыланды. Семинардың практикалық бөлімінде Жетісу облысының “Тіл” оқу-әдістемелік орталығы Ескелді аудандық филиалының меңгерушісі А.Молдабаева “Мемлекеттік тілді меңгерудің инновациялық аспектілері” атты тренинг өткізіп, республиканың әр өңірінен келген әріптестермен  тәжірибе бөлісті. Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификат табысталып, А.Молдабаева Ақтөбе облысы Тілдерді дамыту басқармасы басшысының алғыс хатымен марапатталды.

1 1 1 1 1

Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев
Мекеме басшысы