Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  8(7282) 41-80-20
ҚР, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, ҚАРАТАЛ ЫҚШАМ АУДАНЫ, 36Б

2024 жылғы 26 қыркүйекте жазушы, драматург, ақын, аудармашы, зерттеуші Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдық мерейтойына орай, жазушының өмір жолын таныстыру және мемлекеттік тілді дамыту мақсатында Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Сөз жампозы – Жүсіпбек» атты мемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос өкілдері арасында облыстық байқау өтті.

 

Байқауға облыстық орталықтың мемлекеттік тілді жетік меңгерген 18 бен 50 жас аралығындағы этнос өкілдері қатысты. Қатысушылардың арасында өзбек, орыс, шешен, испан, кәріс, ұйғыр ұлтының өкілдері болды.

 

Байқау 3 (үш) бағыт бойынша өткізілді.

 

«Өзге емес, өзім айтам өз жайымда» – кезеңінде қатысушылардың өз өлкесін таныстыруына шығармашылық еркіндік (өлеңмен, әнмен, сахналық қойылым және презентация, бейнеролик арқылы) берілді.

 

Екінші кезеңде қатысушылар жазушының өміріне байланысты тың деректермен таныстырды.

 

3. «Сауатты жазу - тіл мәдениетінің бір көрінісі» – бағыты бойынша диктант жазу кезеңінде қазақ тілінде сауатта жазуына баса назар аударылды.

 

Үш бағыт бойынша қарым-қабілетін көрете білген, жазушы Ж. Аймауытовтың сан түрлі қырын ашып көрсете алған, өзінің туып-өскен өлкесінің ерекшеліктерін таныстыра алған қатысушылар жүлдегерлер қатарына ілікті.

 

Байқау қорытындысы бойынша:

 

Бас жүлдені – Қасиетті Қаратал өлкесінің туын көтеріп келген – Ирина Цой иеленді. Арайлы Ақсу ауданынан келген Хасанова Сацита 1-орынды, айдынды Алакөл ауданынан келген Ташибаева Мадина 2- орынды алса, 3-орынды Көксу ауданының қатысушысы - Мадатова Зуляль қанжығалады.

 

Қатысушылардың барлығына алғысхат, дипломмен қатар ақшалай сертификаттар табысталды.

1 1 1 1 1 1 1

Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев
Мекеме басшысы