Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы тыңдаушыларына куәлік сертификаттар табысталды.
Биыл тілдерді оқыту курсын 4301 тыңдаушы аяқтады. Мемлекеттік тіл — 2267, орыс тілі — 26, ағылшын тілі — 675 тыңдаушы және «Қазақша сөйлейік» клубына 1333 адам мүшелікке енген.
Мемлекеттік тіл курсы бойынша 1323 тыңдаушыға сертификат, 827 тыңдаушыға куәлік, 117 тыңдаушыға анықтама берілді.
Орыс тілінен 26 тыңдаушы куәлік алса, ағылшын тілі курсы бойынша 317 адамға сертификат, 246 тыңдаушыға куәлік, 112 тыңдаушыға анықтама берілді.
















