08/09/2024  Жексенбі
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  8(7282) 41-80-20
ҚР, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, ҚАРАТАЛ ЫҚШАМ АУДАНЫ, 36Б

2023 жылдың 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тілім менің – тірлігімнің айғағы»  тақырыбындағы аудандық кітапхана ұжымымен дөңгелек үстел өткізілді.

Мақсаты: Мемлекеттік тілді құрметтеу, сыйлау, ана тілдерін қастерлеу сезімдерін дамыту. Сөздік қорларын байыту, іскерлікке дағдыландыру. Ұлтжандылыққа, адамгершілікке баулу.

 Шараға «Ескелді аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі», Ескелді аудандық тіл орталығының қызметкерлері және аудандық кітапхана ұжымы қатысты. Мерекелік сағат барысында Ескелді аудандық филиал меңгерушісі А. Нұрбек «Тіл мәдениет, тіл әдебиет, тіл тарих» тақырыбында баяндама оқыды. Ескелді аудандық кітапхананың кітапханашысы, «Ана тіл – асыл қазына» клубының жетекшісі Бейсбаева Даулетхан Қуатбекқызы тақырыпқа сай ұйымдастырылған көрмемен таныстырып, тіл жайлы көптеген кітаптармен, ұшқыр ойлары қағаз бетіне түскен ақын-жазушылардың пікірлерімен таныстырып, мазмұнын түсіндірді.

Шара соңында қатысушылар қазіргі таңда кездесетін маңызды мәселелерді ортаға салып, түйткілді ойларымен бөлісті.      

Соңында Ескелді аудандық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының меңгерушісі А. Нұрбек дөңгелек үстелге қатысқан қонақтарға алғысын айтты.

Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев
Мекеме басшысы