27/07/2024  Сенбі
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  8(7282) 41-80-20
ҚР, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, ҚАРАТАЛ ЫҚШАМ АУДАНЫ, 36Б

 2023 жылдың 17 тамыз күні  Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен облыстық «Jetisy» газетінің 105 жылдығына орай, дұрыс сөйлеу, сауатты жазу, өзге тілдегі ақпаратты қазақ тіліне сауатты аударудағы әдеби норманы сақтау және түзету, әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Тіл мен тілші» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Семинар барысында модератор әрі Жетісу облысының «Тіл»
оқу-әдістемелік орталығының басшысы – Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев бүгінгі шараның мәні мен маңызына тоқталды. Жетісу облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Е. Ақшабаев кіріспе сөз сөйледі.

Шара барысында Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының оқытушысы, 2023 жылғы «Үздік оқытушы» байқауының жүлдегері Жанар Елесбаева БАҚ және тіл мәдениеті тақырыбында баяндама жасап, қазіргі ақпараттық технологиялар заманында БАҚ-тың рөлі ерекше екендігін тілге тиек етті. Телеарна, газет-журналдарда тілшілердің жиі жіберетін қателіктеріне тоқталып, тілдік нормаға сай нұсқасын слайд арқылы көрсетті. Сондай-ақ, калька, штамп сөздерден арылып, лексикалық, грамматикалық, орфографиялық сауаттылыққа баулып, әдістемелік көмек көрсетті.

 Мекеме басшысы Жеңіс Хамитұлы облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының тіл үйрету, сауатты жазу, орфоэпиялық, орфографиялық заңдылықтарға сәйкес әзірленген орталық өнімдерімен таныстырды. Тіліміздің қолданыс аясын кеңейту мен тіл мәдениетінің сақталуы тұрғысынан бұқаралақ ақпарат құралдарының ықпалы, қоғамдық санаға әсері зор екендігіне баса назар аударып, бастысы қазақ тілінде ақпарат тарататын БАҚ-тың санының ғана емес, сапасының сәйкес келуін қадағалауымыз керектігін ұмытпауымыз керектігін қадап айтты.

Іс-шараға басқарма қызметшілері, Жетісу облысының «Тіл»
оқу-әдістемелік орталығы, ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК контент-менеджері, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстанның Құрметті журналисі Ж. Жайлаубаев, Қазақстан Жазушылар одағының Жетісу облыстық филиалының төрағасы Ж. Немеребаев,  «Жетісу» радиосының бас редакторы Е. Айдабосын, «Талдықорған таңы» газетінің бас редакторы Г. Нуршанова және облыстық БАҚ өкілдері қатысты.

Естеріңізге сала кетсек, Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының Instagram желісіндегі ресми парақшасында тіл мәдениетін сақтау, сауатты сөйлеу мен жазуға бағытталған  «Сіз білесіз бе?» айдары апта сайын  жүйелі түрде жүргізіліп отырады.

18 2 18 2 18 2 18 2 18 2 18 2 18 2 18 2 18 2 18 2 18 2 18 2 18 2 18 2 18 2 18 2

Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев
Мекеме басшысы