08/09/2024  Жексенбі
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  8(7282) 41-80-20
ҚР, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, ҚАРАТАЛ ЫҚШАМ АУДАНЫ, 36Б

2023 жылдың 5 қазанында Жетісу облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен  Оқушылар сарайында «Тіл – татулық тірегі» атты облыстық фестиваль өтті. 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күні және ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай облыс көлемінде тілдер айлығы жарияланған болатын.  

Шара Бикен Римова атындағы драма театры актерларының тіл мерекесіне арнап дайындаған сахналық қойылымымен басталып, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың басшысы Е. Ақшабаев жиналған көпшілікті фестивалдің ашылуымен құттықтады.  

Одан кейін салтанатты шараның құрметті қонағы ретінде «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігі Жетісу облыстық филиалының төрағасы Ә. Әрінге сөз тізгіні берілді.  Адуынды ақын, ардагер журналист, қарымды қаламгер Әміре Әрінұлы өз кезегінде қазақ тілінің шығу тарихы туралы ордалы ойын, елдегі қазіргі тілдік ахуал жайында өткір пікірін ортаға салды.  Фестиваль аясында Жетісу облысы «Тіл»  оқу-әдістемелік  орталығының қызметкерлері М. Қуандық Жетісу облысы әкімінің орынбасары Р. Әлидің  О.Қойчибеков «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалы төрағасының Алғыс хаттарымен марапатталды. Мерекелік жиын барысы ары қарай республикалық жыр бәйгелерінде топ жарып жүрген от ауыз, орақ тілді жас ақындар айтысы өтіп, шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып, Жетісу өнерпаздары көпшілікке ән мен күйден шашу шашты.

12 19 12 19 12 19 12 19 12 19 12 19 12 19 12 19 12 19 12 19

Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев
Мекеме басшысы