Бүгін, Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Тілдерді оқыту платформалары» тақырыбында шеберлік сағаты өтті.
Іс-шараның шымылдығын ашқан мекеме басшысы — Ж.Жолдыбаев шараның мақсатына,мән-маңызына тоқталды.Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге Президентіміз Қ.Тоқаевтың қолдау танытып отырғанын тілге тиек етіп, оқытушылардың тіл үйретуді түрлендіруі керектігін айтып өтті.
Шеберлік сағатына Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы, Көксу аудандық филиалының меңгерушісі Олжас Кенжебекұлы Қойчибеков спикер ретінде қатысып, әртүрлі платформалармен таныстырды.
Аудандық, қалалық филиалдардан келген 20 қызметкер әрқайсысы өз тәжірибесімен бөлісті. Chat GPT, POE, Flipping Book бағдарламалары арқылы, жасанды интеллектіні пайдалана отырып оқулық жазу, әдістемелік құрал дайындау жолдарын практика жүзінде қолданған қатысушылар— үйренгенін шараның екінші бөлімінде танымдық бейнеролик түсіріп, іс-тәжірибе жүзінде көрсетті.