08/09/2024  Жексенбі
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  8(7282) 41-80-20
ҚР, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, ҚАРАТАЛ ЫҚШАМ АУДАНЫ, 36Б

2023 жылдың 15 желтоқсан   күні Кербұлақ аудандық «Тіл» оқу-әдістемелік филиалының ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елім – Қазақстаным» атты  тақырыбында  ашық  сабақ өтті. Мақсаты - Қазақстан Республикасы өз алдына дербес ел болуына 32 жыл толуымен таныстыру, тамыры терең тарихын еске түсіру. Тіл үйренушілердің  білім деңгейін топтық жұмыс барысында арттыру арқылы өз еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін көрсету. Ашық сабақ барысында оқытушы  Ж.Қуаныш  Тәуелсіздік  туралы  толық мәлімет беріп, тәуелсіздіктің саңлақтарымен таныстырды. Тыңдаушылар өзара қойылған сұрақтарға белсене жауап берді. Шараға қатысушыдар арасында өзара  пікір алмасу болды. Ашық сабақ барысында тыңдаушылар 3 топқа бөлініп, тапсырмалар орындады. Берілген тапсырманы тыңдаушылар өз деңгейінде орындап шықты. Сабақ соңында Тәуелсіздік күніне орай патриоттық ән орындалып, жылы тілек, лебіздер айтылды.  

19 4 19 4 19 4 19 4

Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев
Мекеме басшысы