30/10/2024  Сәрсенбі
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  8(7282) 41-80-20
ҚР, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, ҚАРАТАЛ ЫҚШАМ АУДАНЫ, 36Б

2023 жылдың 15-16 наурыз күндері Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Тілді оқытуда инновациялық технологияларды тиімді қолдану» атты 16 сағаттық оқытушылардың біліктілігін арттыру курсы өтті.

Инновациялық технологиялардың қыр-сырын меңгертуге бағытталған курстың спикері – Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығының директоры, «Ана тілі жанашыры» төсбелгісінің иегері  –Алмагүл Ақмашқызы Игенова.

 Іс-шараның салтанатты жиынында «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшысы Ж. Жолдыбаев біліктілікті арттыру курстарын дәстүрлі түрде өткізуді қолға алғандығын, алдағы уақытта да өз жалғасын табатындығын тілге тиек етті.

Жетісу облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Е. Ақшабаев кіріспе сөз сөйлеп, оқытушыларға сәттілік тіледі.
Семинардың практикалық бөлімінде «Мультимедиялық сабақты тиімді ұйымдастырудағы заманауи презентациялар (анимация, дизайн, клипарт, дыбыс қою т.б)», «Аутентикалық (шынайы) мәтіндер арқылы тіл үйренушінің тыңдап түсіну дағдысын қалыптастыру», «Аудиолингвалды әдістің мақсаты мен міндеттері», «Тыңдалым мен жазылым жұмыстарын тиімді ұйымдастыру. Аудиодиктанттар әзірлеу», «Лексикалық минимумды бекітуде мномотехника әдісін тиімді пайдалану», «Тіл оқытуда инновациялық технологияларды тиімді қолдану» атты оқытушылардың біліктілігін арттыру курсының (16 сағаттық)  «Мультимедиялық сабақты тиімді ұйымдастырудағы заманауи презентациялар (анимация, дизайн, клипарт, дыбыс қою т.б)», «Аутентикалық (шынайы) мәтіндер арқылы тіл үйренушінің тыңдап түсіну дағдысын қалыптастыру», «Аудиолингвалды әдістің мақсаты мен міндеттері», «Тыңдалым мен жазылым жұмыстарын тиімді ұйымдастыру», «Аудиодиктанттар әзірлеу», «Лексикалық минимумды бекітуде мномотехника әдісін тиімді пайдалану», «Pixton бағдарламасының көмегімен лексикалық тақырыптарға суретті карточкалар жасау», «Joyteka  – онлайн сервистер, жеке тапсырмалар мен жаттығу жұмыстарының түрлері», «Сабаққа бейнематериал әзірлеу. Топ 3 тиімді бағдарлама» тақырыптары бойынша дәріс оқып, практикалық тапсырмалар орындады, «QR» кодтың мүмкіндігін пайдалана отырып, тіл үйренушілерге арналған тапсырмалар әзірлеудің тәсілдерін меңгерді.

Қорытынды жиында оқытушылар, меңгерушілер өзара пікір алмасып, ойларын ортаға салды. Жетісу облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Е. Ақшабаев Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығы директоры Алмагүл Ақмашқызы Игеноваға Жетісу облысы әкімі орынбасары Р. Алидің Алғыс хатын табыстады. Курсқа қатысқан 20 оқытушы мен меңгерушіге сертификат берілді.

Іс-шараға Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының аудандық және қалалық филиалдары, облыстық орталықтан  30-ға жуық маман қатысты.

29.03.23 3

29.03.23 3

29.03.23 3

29.03.23 3

29.03.23 3

Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев
Мекеме басшысы